Ақтөбеде «Бала дауысы» ән байқауына іріктеу өткізілді
Ақтөбеде «Бала дауысы» ән байқауына іріктеу өткізілді Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры ұйымдастырған ұлттық жобада бұл өңірдің атынан Назгүл Бәйменова бақ сынайтын болды. Ал оны респубиликалық жарысқа дайындау әнші Нұржан Керменбаевқа жүктелген. «Бала дауысы» ән байқауын өткізуге сондай-ақ Тұңғыш Президент қоры мен Мәдениет және спорт министрлігі қолдау білдіріп отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
29.05.2017
Ақтөбедегі «Бала дауысы» ән байқауының іріктеуіне жүздеген жеткіншек қатысты. Достық үйінің сахнасы таңнан кеш батқанша бір босаған жоқ. Екінші рет ұйымдастырылып отырған ұлттық жобаға тағы да бағын сынап көруге былтырғы қатысушылар да келген.
Арнұр Мұхтар, «Бала дауысы» байқауына қатысушы:
-Мен бұл кастингке екінші рет қатысып тұрмын. Біріншісі, мен концертке қатыстым. Екіншісі осы «Бала дауысына» қатысуым. Бұл «Бала дауысы» оңай деп ойламаймын.
Қазылар алқасы жүзден астам баланың ішінен Ақтөбенің атынан байқауға қатысуға 12 жасар Назгүл Бәйменованы таңдап алды. Оны әнші Нұржан Керменбаев дайындайтын болады.
Нұржан Керменбаев, әнші:
-Сәттілікті тілеймін. Өзімнің таңдап алатын өнерпазыма ең бастысы халықты жаулап алатындай және де әділқазылар мүшесін жаулап алатындай бір жүйрік болуы керек.
Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры ұйымдастырып отырған байқауға іріктеу маусымның 22-сіне дейін жалғасады. Ал ақтық кезең қазанның 27-сі мен 29-ы аралығында болады деп жоспарланған. Оған дейін 16 аймақтан таңдап алынған жас өнерпаздар арнайы әзірліктен өтеді.
Толғанай Хасен, байқауды ұйымдастырушы:
-Екі жұлдызды үй болады. Бірінші жаз айында жұлдызды үйге олар келіп, студияда ән жазып, әндерді дайындап, балаларды үйретеміз. Күзде бір ай балалар келеді. Келгенде сольфеджио, хореография, актерский мастерстводан сабақ алып дайындалады.
«Бала дауысын» ұйымдастыруға Тұңғыш президент қоры мен мәдениет және спорт министрлігі қолдау білдіріп отыр. Ал ән байқауының өзі КТК-дан көрсетіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!