{metadescription}
Тұңғыш президент қоры талантты жастарды іздеуде
Тұңғыш президент қоры талантты жастарды іздеуде

Тұңғыш президент қоры талантты жастарды іздеуде

Жер-жердегі дарындарды қолдау жалғасуда. Тұңғыш президент қоры талантты жастарға көмек көрсету мақсатында аймақтарды әлі де аралап жүр. Арнайы гранттары бар делегация бұл жолы Көкшетауға ат басын бұрды.  

Қордағылар Көкшетауға құр қол бармаған. Бірінші боп балалар үйіне кірген делегация ондағы 350 балаға білімін дамытуға қажетті қымбат жабдықтарды сыйға тартты. Дарындарды іздеген делегация студенттермен де ашық-жарқын әңгімелесті. Әрі оларға шеберлік сабақтарын да өткізді. Досжан Табылды Көкшетауға арнайы топпен бірге барған. Балет әртісі өзі де талай мәрте Тұңғыш президент қорының қолдауына ие болыпты. Қазір осы ұйыммен бірге өңірлерді аралап, тәжірибесін бөлісіп жүр.    

Досжан Табылды, балет әртісі:

-Қор қашанда жастарға қолдау білдіреді. Оның бірден-бір дәлелі менің өзім. Қордың арқасында түрлі байқауларға қатысып, тәжірибе толықтырып жүрмін. Ал жастар үшін мұндай қолдау – таптырмас мүмкіндік. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.