{metadescription}
Талдықорғанда шенеуніктер 300-ден астам бүлдіршіннің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарап отыр
Талдықорғанда шенеуніктер 300-ден астам бүлдіршіннің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарап отыр

Талдықорғанда шенеуніктер 300-ден астам бүлдіршіннің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарап отыр

Қаладағы ірі балабақшалардың бірінің алдында ешқандай жол белгілері жоқ. Бөбекжай орналасқан көшеде тіпті жаяу жүргіншілерге арналған жолақ та сызылмаған. Балаларының өмірі үшін алаңдаған ата-аналар қала басшылығына бірнеше рет арыз жазыпты. Бірақ тұщымды жауапты сол күйі  ала алмай жүр.

«Алтын бесік» деп аталатын мына балабақшаға келіп-кету ата-аналар үшін үлкен сынақ. Бірі баласын жетектеп зулаған көліктің арасынан өте алмай қиналса, бірі тұрақ таппай тыпыршиды. Себебі, мұндағы мектепке дейінгі мекеменің алдына ешқандай белгі қойылмаған.

Аян Маратова, Талдықорған қаласының тұрғыны:

-Көлік тұрағы жоқ, балабақша бар деген белгі жоқ, жасанды төмпешіктер қоймаған. Ойын баласы жүгіріп шығып кетсе не болады. Осының бәрін жасау үшін біреуді қағу керек пе?

Көлік жылдамдығын шектеуге арналған белгі қойылмағандықтан бұл жерде жол апаты да жиі болады. Сондықтан, балабақша басшылары да тиісті орындардан талай рет көмек сұран. Бірақ одан жағдай өзгермепті.

Гүлбану Зайнолла, балабақша меңгерушісі:  

-Облысқа қалалық әкімдікке де, арызымызды жазып айттық. Алдына жарық  қойылмаған. Қыста сағат алтыда ата-аналар балаларын алып қайтқанда қиналады.

340 орынға шақталған бұл балабақшаның ашылғанына жылға жуықтады. Осы мекеменің алдына тиісті белгілер былтыр күзде қойылуы керек болаған. Бірақ күн суықта жұмыс істемейміз деген құрылысшылар көктемді күтті. Енді жаз болсын деп отыр. 

Нұрбақыт Алтынбеков, Талдықорған қаласы автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

-Қазіргі таңда әлі жұмыстар біткен жоқ. Жол белгілері монтаж жұмыстары біткен кезінде шілде-маусым айларында қойылады.

Балабақша маңына жол сақшыларының есебі бойынша алты белгі қойылуы керек екен. Бұл жылдамдықты асыруға болмайды деген және жаяу жүргіншілерге арналған белгі мен жасанды кедергі. Осыны жасау үшін жергілікті билік  шамамен 500-600 мың теңге шығындауы керек. Бірақ шенеуніктер үшін бұл сома әзірге 300-ден астам баланың қауіпсіздігінен қымбат боп тұрған сыңайлы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.