{metadescription}
Таразда жүк көліктерінің арлы-берлі жүрісінен тұрғындар зардап шегіп отыр
Таразда жүк көліктерінің арлы-берлі жүрісінен тұрғындар зардап шегіп отыр

Таразда жүк көліктерінің арлы-берлі жүрісінен тұрғындар зардап шегіп отыр

Жұрттың айтуынша, 40 тоннаға дейін зат тиеген ауыр техника тар көшеден өтіп, жолдарды тас-талқан еткен. Камаздардың күн-түн демей қатынауы балалар өмірі үшін де қауіпті дейді бұқара. Сондықтан машиналардың қозғалысын тежеуді талап етуде.

Бурыл станциясынан жүк таситын техникалар ертелі-кеш осы көшемен  қатынайды. Соның кесірінен елдің шаң-тозаңнан тұншығатыны өз алдына, жолдың да тас-талқаны шыққан. Тұрғындар көлік қозғалысын тежеуді сұрап, станция басшысы мен жергілікті билікке сан мәрте арыз жазған екен. Алайда, бес жылдан бері өзекті мәселе шешімін таппады деп отыр.    

Күмісбек Ақылбаев, Тараз қаласының тұрғыны:

-Біріншіден мына жол мұндай үлкен машинаға есептелмеген. Алдымен осындай көлік жүргізу үшін жолды қалпына келітіру керек. Екіншіден жолды талқандады. Газ жүргіздік, су жүргіздік қазір олардың бәрі быт-шыт.

Тұрғындар жүк тиелген көліктердің тар көшемен жүруі заңсыз деп есептейді. Әрі 40 тоннаға дейін зат салынған машиналардың қатынауы балалар үшін де қауіпті деп отыр. Сондықтан тасымалдаушылардың бұл көшемен жүрмей, айналма жолмен өтуін талап етуде. Ашуға мінген ағайын талаптарын тыңдату үшін, жолды жауып, жүк машиналарын жүргізбей тастады.

-Көліксіз қаласың. Бастықтарыңа айтыңдар. Мынау машина жүретін жол ма?

Жұрттың бұл әрекеті атқарушы билік пен құзырлы орын өкілдерін  аяғынан тік тұрғызды. Оқиға орнына жедел жеткен қала прокуроры мен әкім орынбасары ашуға мінген жұртшылықты әзер сабасына түсірді. Бірақ елдің ентігін басқанымен, мәселені шешіп бере алмады. Өйткені станцияның басшысы «тасымалдаушылар үшін жауап бермеймеймін» деп кесіп айтты. 

Айдын Сейітбенбетов, Бурыл станциясының бастығы:

- Бұл жерге камаз кірмейді. Маған да жеңіл. Неге біз қоюымыз керек. Міне, полиция  тұр ғой. Менің қатысым не?

Жүк машиналарының қуықтай көшемен қатынауы заңды ма, заңсыз ба, ол жағы жуырда анықталады. Өйткені осыған орай арнайы комиссия құрылып, жолдың көлемі мен көлік сыйымдылығын жауапты мамандар тексермек. Олар талапқа сәйкес емес деген қорытынды шығарса, камаздардың бұл жолмен өтуіне тыйым салынбақ

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.