Семейде алапат өрт болды
Семейде алапат өрт болды. Қызыл жалын жергілікті ағаш өндіретін цехтың күлін ғана қалдырған. Өрт салдарынан ондағым 35 жастағы күзетші зардап шекті. Мамандардың айтуынша, шамалы күйік алған ол ауруханаға жеткізілген.
Автор: Ұлан Нұрахмет
29.05.2017
Түс ауа басталған өрт төңірегіне бірден таралыпты. Тіпті оқиға орнына жеткен 48 адам мен 10 арнайы техниканың да тілсіз жауды бірден ауыздықтауға күші жетпеді. Сондықтан жергілікті орман шаруашылығынан қосымша 7 адам көмектескен. Алайда цехтағы 200 куб ағаш пен станоктарды өрттен аман алып қалу мүмкін болмады. Қызыл жалын мың шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!