{metadescription}
Әділет министрлігі адвокаттарды азаматтарға тегін қызмет көрсетуге міндеттемек
Әділет министрлігі адвокаттарды азаматтарға тегін қызмет көрсетуге міндеттемек

Әділет министрлігі адвокаттарды азаматтарға тегін қызмет көрсетуге міндеттемек

Соған сай, қорғаушылар тұрмысы төмен, жоқ-жітік шаңырақтарға жылына  бір сағат ақысыз заң жайында кеңес беруі тиіс. Өйткені қазір елімізде адвокаттардың қызмет көрсету құны өте қымбаттап кеткен. Мұның үстіне олардың көбі алаяқтықпен айналысатыны бүгін Мәжілісте ашық айтылды.

- Қазақстан соңғы бірнеше жылдан бері адвокатқа зәру екен. Статистикаға сүйенсек, қазір елімізде бір адвокат 400 мыңға жуық адамға көмек көрсетуге мәжбүр. Енді Әділет министрлігі  тапшылықты жоюдың  жолын тауыпты.

Бұл үшін Марат Бекетаевтың айтуынша, Республикалық адвокаттар алқасы  алғашқы жарнаның көлемін төмендету керек. 

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

-Елімізде қорғаушы болу үшін адам ең алдымен жоғары заңгерлік білім алуы тиіс және адвокаттар алқасына 140-280 мың теңге төлеп,  алты айдан бір жылға дейін тәжірибеден өтеді. Ал алқаның құрамына кірер алдында 700 мыңнан 800 мың теңгеге дейін жарна төлейді. Жалпы, 1 миллион теңге керек.

Министр Адвокаттар алқасының қатарына қосылу  үшін қорғаушы  227 мың теңгеге төлесе жетеді деп отыр. Бірақ бұған алқа төрағасы бірден қарсы шықты. Әнуар Түгелдің айтуынша, отандық қорғаушылардың қызметі сағатына 100 мың теңгеден басталады. Егер сот бірнеше айға созылса, бұл баға миллиондарға жетеді. Бірақ мәселе қорғаушыларда емес, жеке заңгерлік компанияларда дейді Әнуар Түгел.

Әнуар Түгел, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы:

-Адвокаттардан бөлек жеке заңгерлердің  жұмысын тексеру керек. Нағыз алаяқтар солар. Көбі бұрын істі болған. Мәселені сотта шешіп беремін деп уәде етеді де, қыруар қаржы алады. Олар, әсіресе, үлескерлерді алдайды.

Ал еліміздегі әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға бюджет есебінен адвокаттық қызмет көрсетіледі. Ол үшін биыл қазынадан 1 жарым миллиард теңге бөлінген. Бірақ осы клиентінен ақы алмай жұмыс істейтін қорғаушылардың көбі қазақ тілінде көмек көрсетуден бас тартады екен.

Нұртай Сабильянов, Мәжіліс депутаты:

-Адвокаттар мемлекеттік тілде тегін заң көмегін көрсете алмай жатыр. Олар қай  тілде  көрсетіп жатыр. Осыған толық талдау жасау керек. Қазақстанда тұрып қазақ тілінде заң  көмегін ала алмаса бұл азаматтардың құқығын бұзу деген сөз. Бұған бақылау жасау керек.

Алайда, Адвокаттар алқасының төрағасы  қорғаушыларға «міндетті түрде қазақ тілін біл»  деп  талап қоя алмаймыз деп отыр. 

Ал Әділет министрлігі  жақында «Probono» деп аталатын шетелдік жаңа  жүйені  енгізбек. Оған сай, адвокаттар тұрмысы төмен адамдарға жылына белгілі бір сағат тегін қызмет көрсетуі тиіс. Кейін Авдокаттар алқасына есеп тапсырады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.