{metadescription}
Атырау облысында мәйітхана жетпей жатыр
Атырау облысында мәйітхана жетпей жатыр

Атырау облысында мәйітхана жетпей жатыр

Бұл жағдай, әсіресе, ауыл-аймақтағылар үшін қиын. Өздерінде мәйітхана жоқ болғандықтан бірнеше аудан халқы жүздеген шақырым жол жүріп, мүрдені қысы-жазы облыс орталығына тасымалдайды. Болмаса сарапшы мамандар іссапармен елді мекендерді өздері аралап қайтуға мәжбүр.

Атырау облысында мәйітхана тапшылығы жақынының мүрдесін алып, облыс орталығына жөнелетін тұрғындар тұрмақ, ішкі істер қызметкерлеріне де қиындық тудырып отыр. Мысалы, 400 шақырым жердегі Қызылқоға ауданынан жолсызбен сүйек әкеліп-әкету жауыңа да тілемейтін жағдай дейді полицейлер.

Фархад Сариев, Қызылқоға аудандық ІІБ қызметкері:

-Қазіргі кезде біз сотқа дейінгі тергеп-тексеру құжаттары бойынша шешім қабылдауға, сот-дәрігерлік сараптама қорытындысын алу мәселесі қиындық туғызуда. Сонымен қатар, мына өлі мүрделерге уақытында мүрдехана болмауына байланысты сараптама жүргізу қиындық келтіріп отыр.

Бұл өз кезегінде облыстағы мәйітхана қызметкерлерін негізгі жұмыстарын тастап, аудан аралап кетулеріне де себеп болып тұр. Өйткені, жылына 700 мүрде сойып, 45 000-ға жуық гистологиялық сараптама жасайтын мамандар демалыс пен мерекені ұмытқан.

Айдаргүл Ниетқалиева, Атырау облыстық патолого-анатомиялық бюро басшысы:

-Исатай мен Махамбет аудандарында жоқ. Бірақ оларға бізден дәрігерлер іссапарға барып, жұмыс жасап жатыр. Және сол аудандардан керек болған жағдайда облыс орталығына жеткізіліп, қаралып жатыр. Егер өздерінен ашылатын болса  мәйітханалар салынып, мұздатқыш камералармен жабдықталса тіпті жақсы болар еді.

О дүниелік болғандарды әрі-бері тасымалдап, жол азабын тартқан мамандардың жанайқайы облыс басшыларының да құлағына енді жеткен. Сондықтан, биыл Атырау облысында жаппай мәйітханалардың құрылысы басталуы мүмкін.

Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі:

-Алыс аудандардан сүйекті алып келіп, сараптама жасау қияметтің қияметі. Ол өзі о дүниелік болып кеткен адамды сартылдатып 500 км жерден сүйекті алып келеді. Аудан әкімдері, қала жер бөлу мәселелерін, инфрақұрылым тарту мәселелерін жеделдетулеріңізді сұраймын. Типтік түрдегі нысандарды алып келіңдер, осы мәселемен айналысамыз.

Облыстағы 3 ауданда ғана: Құрманғазы, Жылой және Индерде типтік үлгідегі мәйітхана бар. Ал, мақаттықтар мүрдені 30 шақырымдағы Доссор елді мекеніне тасымалдауға мәжбүр. Үш ауданда бар деген аты болғанымен, бұлардың ешқайсысы да санитарлық талаптарға сай келмейді.Сондықтан олар да биыл күрделі жөндеуден өткізілмек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.