Қарағандыда қаржы пирамидасын құрған келіншек сотта жауап беруде
Қарағандыда қаржы пирамидасын құрып, елден жиналған 2 миллиард теңгені жоқ қылған әйелге қатысты сот отырысы басталды. Елена Колесникованың есеп-шотына Қарағанды, Астана және Теміртау қалаларынан 5 жарым мың адам ақша салып жіберіпті.
Автор: Саят Сабдалы
30.05.2017
Бірақ олардың тек 800-і ғана арыз жазған. Тағы алпысқа тарта адам куәгер есебінде тыңдалмақ. Қылмыс жасалғанын растауға осының өзі жеткілікті көрінеді. Сотталушының өзінің жұртқа айтқандай бизнесі де болмаған. Тек бір салымшының ақшасын, екіншісіне үстемақы ретінде ұстатып отырыпты. Мұндай жарнамаға еліткендер 50 мыңнан 25 миллион теңгеге дейін өткізіп берген. Бірақ қазан айында қамауға алынғанда Колесникованың шотынан тек 124 миллион теңге табылды. Қалғанын жасырып үлгерген сыңайлы. Тіпті, тықырдың таянғанын сезін үш баласын да шетел асырып үлгерген екен. Ал қаржысын қайтарудан әлі де үмітте тұрғындар Колесникованың босатылуын тілеп отыр.
Надежда Оразалинова Қарағанды қаласының тұрғыны:
-Оған артар еш кінәм жоқ. Жақсы жұмыс істеп, үстеме ақы алып келгенбіз. Тергеу органдары оны қамап, шоттарын бұғаттамаса, табысқа кенеліп жүре берер едік. Сондықтан Колесникова босатылсын. Сонда қаражатымызды қайтарады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!