{metadescription}
Әзірбайжан банкіндегі ақшаны қайтаруға Сағынтаевтың өзі кірісті
Әзірбайжан банкіндегі ақшаны қайтаруға Сағынтаевтың өзі кірісті

Әзірбайжан банкіндегі ақшаны қайтаруға Сағынтаевтың өзі кірісті

71 миллиардтың жыры Үкіметке енді жетті! Бүгін мұнда Бірыңғай зейнетақы қорынан Әзірбайжан банкіне салынған миллиардтарды қайтару мәселесі талқыланды. Әзірге, Ұлттық банк төрағасының өткен аптада айтқан үш жолы қаралып жатыр екен. Бірақ үшеуі де Қазақстан үшін тиімсіз деген еді Данияр Ақышев. Бас банк басшыларының кезінде жіберген өрескел қателігін түзеумен енді премьер-министрдің өзі айналысуға мәжбүр.

-Әзірбайжан банкіне құйылған 71 миллиард теңгені қайтару енді Ұлттық банк деңгейіндегі шаруа емес сияқты. Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан шетел асқан қаржыны түгендеуге премьер-министрдің өзі кірісті.

Ол үшін Бақытжан Сағынтаев, Әзірбайжанның Үкімет басшысымен кездесіп те үлгерген. Айтуынша, әріптесі қаржыны қайтару үшін қол ұшын беруге уәде етіпті.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:

-Заң бойынша зейнетақы қоры Үкіметке тиесілі болғандықтан, оған мемлекет жауапты. Енді оны кері қайтару үшін Әзірбайжанның премьер-министрі Артур Расизаде қолдау көрсетемін деп отыр. Бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауымыз керек.

Әзірбайжан банкінен жапа шеккен жалғыз Қазақстан емес деп отыр Қаржы министрі. Банкрот болған банктен еліміз секілді құнды қағаз сатып алып опық жегендер жетерлік екен. Тура бір апта бұрын осы кредиторлар Лондонда бас қосқан. Оған бізден Ұлттық банк пен Үкімет мүшелері қатысыпты. Сол жиында Әзірбайжан тарапы Қазақстанға ақшаны қайтарып берудің үш жолын ұсынған.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

-Бірінші ол банктің облигацияларын мемлекеттің облигацияларына ауыстыру. Бірақ бірінші вариантта негізгі сома 20 пайызға қысқарып қалады. Үшінші вариант ол 7 жылдық облигацияларды шығару. Сондықтан барлық кредиторлар осы үш ұсынысты талқылап жатыр.

Яғни, еліміз 71 миллард теңгенің бір бөлігін жоғалтпай толық қайтаруы тиіс. Сондықтан осы үш ұсыныстың қайсысы тиімді болатынын мамандар зерттеп жатыр. Бірақ, тақырға отырған Әзірбайжан банкі кредиторлармен шілде айында тағы кездеспекші. Соған қарағанда айтылған ұсыныстар өзгеріп қалуы да ғажап емес. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде