Мәскеуде дауыл салдарынан қаза тапқандардың саны 16 адамға жетті
Жүзге жуығы ауыр жарақаттармен әлі ауруханаларда жатыр. Бұрын-соңды болмаған дүлей дауылдан енді ес жия бастаған жергілікті билік қара жамылған отбасылардың әрқайсысына 1 миллион рубльдан өтемақы төлейтінін мәлімдеді.
Автор: Аруна Ортай
30.05.2017
Алапат жел қаланың әп-сәтте астан-кестеңін шығарған. Алып крандар адамдардың төбесіне құлап, көшедегі жұрт жан-жақа тым-тырақай қашқан. Ал тамырымен жұлынған ағаштар көптеген көлікті зақымдады. Дауылдың күштілігі сонша, жүзге жуық нысан мен үйлердің шатырын жұлып әкетті. Жел бағдаршамдарды да қиратып, көлік қозғалысын қиындатып жіберген. Синоптиктер мұны жүз жылда қайталанбаған құбылыс деп атап, жақын тәуліктерде тағы да дауыл тұруы мүмкін деп ескертті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!