{metadescription}
Төтенше жағдай: Теңіз кен орнында күкірт аралас түтін ауаға таралып жатыр
Төтенше жағдай: Теңіз кен орнында күкірт аралас түтін ауаға таралып жатыр

Төтенше жағдай: Теңіз кен орнында күкірт аралас түтін ауаға таралып жатыр

Атырау облысында апатты жағдай! Жылой ауданындағы Теңіз кен орнында күкірт аралас түтін ауаға таралып жатыр. Бұл жағдайды осы кен орнының жұмысшылары ұялы телефондарына түсіріп алыпты.

Оқиға бүгін таңертең сағат 9-дар шамасында, «Кешенді технологиялық желі» зауытында болған. Мәліметтерге қарағанда, әуелі зауыттың мұржасында газ жағылып, артынша будақтап күкірт шыға бастапты. Және күкірт сол маңдағы бірнеше гектар жерді ластаған. Осы ақпараттың анық-қанығын білу үшін оқиға орнына экологтар мен прокурорлар жедел аттанып кетті. Олар қоршаған ортаға қандай мөлшерде зиян келгенін анықтаған соң, алпауыт мұнай компаниясына қомақты айыппұл салынуы мүмкін деп отыр.

Балнұр Есенгелдинов, Жылыой ауданының прокуроры:

-Экология департаменті іске кірісті. Нақты мәліметтерді солардан алуға болады

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде