{metadescription}
 Қарағанды облысында тұрғын үйдің едені опырылып түсті
 Қарағанды облысында тұрғын үйдің едені опырылып түсті

Қарағанды облысында тұрғын үйдің едені опырылып түсті

Қарағанды облысы Ақтау кентіндегі бір үйде апат болды. Онда 4 қабатты үйдің кіре берісінің едені опырылып жертөлеге түскен. Салдарынан үйдегі 7 отбасы шұғыл түрде көшіріліпті. Енді комиссия тексеріп шықпайынша подъездің есігі тарс жабық болады. Ал тұрғындар қайда барарын білмей дал. Билік өкілдері болса, енді мұнда ешкімді кіргізбейміз деп отыр.

60-шы жылдары салынған үйдің қазіргі сиқы осы. Құзырлы орыннан жеткендер мұндағы 7 отбасыны тайлы тұяғын қалдырмай далаға қуыпты. Бірден ауыз суды тоқтатып, жарықты ажыратқан. 

Людмила Русских Ақтау кентінің тұрғыны:

-Үстімдегі киіп үлгерген киіммен шығып кеткем. Құрбымның қасына базарда түнеп шықтым. Бізді адам құрлы санамайды бұлар. Апатты жағдайда деп талай айттық, қозғалмады.  

Дегенмен, тұрғындардың біразы еденнің құлауын үйдің апатты жағдайда екенімен байланыстырмайды. Айтуларынша, сол еденді тіреп тұрған тірек темір ұрлануы мүмкін.

Любовь Молина, Ақтау кентінің тұрғыны:

-Бұл үйді тұрғындардың өздері-ақ тонап бітті. Еденннің астында тіреп тұрған темірге дейін жоқ болып шықты. Осы жердегі ішімдікке салынған тұрғындардың ісі екені айдан анық.

Үштен екі бөлігі қаңырап бос тұрғаны болмаса, бұл үй ешқашан апатты деп танылған емес. Ал кіре берістегі еденнің опырылуы тұрғындардың өз өздеріне жасаған қаскүнемдігі екен. Сондықтан рұқсат берсе құлаған жерді өзіміз жөндеп баспанамызға кіре берсек дейді олар.

Ал биліктегілердің айтуынша, тұрғындар баспаналарына қазір кіре алмайды. Себебі, арнайы комиссия үйдің жағдайын тексеруі үшін біршама уақыт керек.

Ирина Вундер, Теміртау қаласы тұрғынүй қатынастары бөлімінің басшысы:

-Үйдің техникалық жағдайына баға берілген соң, әділет басқармасынан әр пәтердің заңды қожайындары анықталады. Үй апатты деп танылса, пәтерге заңды құжаттары барлар үй кезегіне тұрады. Жоқтарына ондай мүмкіндік қарастырылмаған. Апатты деп танылмаса, күрделі жөндеуден өткізу мәселесін қарастырамыз.

Жылдар бойы күнелткен пәтерлерін заңдастыруға құлық танытпағандар енді мемлекет көмегінен қағылады. Кезінде бәріне мұндай мүмкіндік берілген дейді биліктегілер. Сондықтан енді бала-шағасын шұбыртқан мына жұртқа ешкімнен қайран болмайын деп тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.