{metadescription}
Сенаторлар түрме қызметкерлерінің төмен жалақысына алаңдаулы
Сенаторлар түрме қызметкерлерінің төмен жалақысына алаңдаулы

Сенаторлар түрме қызметкерлерінің төмен жалақысына алаңдаулы

Ақы аздығынан еліміздің түзету мекемелерінде мамандар тұрақтамайды.

Мысалы, түрме бастығы, орынбасары мен басқа да үлкенді-кішілі басшылар 58 мың мен 132 мың теңге аралығында алады. Ал әскери қызметпен байланысты емес қаржы, кадр бөлімдері, дәрігерлер мен түрме әкімшілігінің өзге қызметкерлерінің 20 жылдық жұмыс өтілдеріне қарамастан ең жоғарғы жалақысы 56 мыңға да жетпейді екен. Депутаттардың сөзінше, түзету мекемелері қызметкерлерінің табысы дәл сондай қарулы күзет қызметін атқарушы Ұлттық Ұлан мен өзге құқық қорғаушылардың арасындағы ең төмені. Ал жұмысы керісінше қиын. Төмен табыстың кесірінен түрмелерде дәрігерлер де тапшы.

Серік Ақылбай, Сенат депутаты:

-Бұл санаттағы қызметкерлердің жұмыс жағдайының күрделілігі үшін қосымша ақы төлеуді қарастыру керек. Мәселен, пәтер ақы алатын қызметкерлер қатарына қосу. Сондықтан премьер-министрден түрме қызметкерлері жұмысының моральдік тұрғыда қиын екенін ескеріп, жалақы қорын арттыруды сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде