{metadescription}
Мектептердегі былық Сенатта тағы көтерілді
Мектептердегі былық Сенатта тағы көтерілді

Мектептердегі былық Сенатта тағы көтерілді

Ата-аналардан ақша жинауға енді заңмен тыйым салу керек дейді депутаттар. Тіпті іске премьер-министрдің араласуын сұрады.

Владимир Редкокашин, Сенат депутаты:

-Біздің сауалымыз Сағынтаевқа жоланады. Ол мектепте ақша жинау мен бітіру кешін өткізуге қатысты. Яғни, бұған тыйым салу үшін құзырлы орындарға тапсырма беріп, заңсыздықты болдырмауыңызды сұраймыз.

Жоғарғы палата депутаттарының айтуынша, білім ордаларында ақша жинауға Ресей, Өзбекстан мен Беларусьта тыйым салыныпты. Ал, біздің елдегі білім ордаларында ақша жинау дерегі азаймай тұр. Мұғалімдер ата-аналардан қит етсе теңге сұрап, түрлі сылтау айтады. Яғни, мектепті жөндеп, түрлі іс-шара өткізуге қала берді сыныптың қорына дейін жинайды. Оның үстіне алда мектеп бітіру кеші келе жатыр. Оны ұмытылмастай етіп өткізуді қалаған түлектердің әке-шешесі ақша жинауда алдына жан салмайтыны белгілі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.