{metadescription}
Астанада парамен ұсталған Сақташ Хасеновтың соты даумен басталды
Астанада парамен ұсталған Сақташ Хасеновтың соты даумен басталды

Астанада парамен ұсталған Сақташ Хасеновтың соты даумен басталды

Ал Астанада Ауыл шаруашылығы министрлігінің лауазымды шенеунігіне қатысты сот даумен басталды. Тыйым салынған ет үшін кәсіпкерден 5 миллион теңге пара алып ұсталған Ветеринарлық бақылау комитетінің экс-төрағасы Сақташ Хасеновтың қорғаушыларының бірі, әрі туған ағасы «әйел зорлады» деп айыпталып, істі болған екен. Сондықтан  алғашқы сот отырысында прокурорлар судьядан Бақытжан Хасеновты процестен аластатуды сұрады.

-Ауыл шаруашылығы министрлігін нағыз майшелпекке айналдырған Сақташ Хасеновтың ісі  8 айға жуық тергелді. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро былтыр қараша айында ұсталған бас ветеринардың былығын әшкерелеген.

Ветеринарлық бақылау комитетінің экс-төрағасы сот алдында қорғануды мықтап қолға алыпты. Шенеунік екі адвокат пен бір қорғаушы жалдаған. Мына отырған заңгерлердің барлығы Сақташ Хасеновты ақтап алмақ. Арасында айыпталушының туған ағасы Бақытжан Хасенов те бар. Шенеуніктің ісіне қатысты алғашқы отырыста дәл осы бауырына байланысты дау шықты.

Әлібек Айтжанов, прокурор:

-Біз сотқа көрсеткен газеттегі ақпаратқа сай, Хасеновтың адвокаты 120-шы бап бойынша айыпталған, «ҚР еңбек сіңірген заңгері» атағынан, адвокаттық қызмет көрсету құқығынан айырылған. Және жәбірленуші әйелге моральдық шығын ретінде  миллион теңге төлеуі тиіс.

Яғни, Сақташ Хасеновтың қорғаушысы Бақытжан Хасеновке «әйел зорлады» деген айып тағылып, істі болған. Тіпті қостанайлық судья оған 2 жыл жаза кесіпті. Бірақ, сот үкімі әлі күшіне енбеген екен. Оның үстіне адвокат амнистияға ілініп, жазадан босатылған.

Бақытжан Хасенов,  қорғаушы:

- Ол әлгі әйелдің қарызына байланысты.  Ол маған берешек.

Енді Бақытжан Хасенов інісіне қатысты сотқа қорғаушы ретінде  қатысу, не қатыспауын судья шешеді. Сондай-ақ, бүгін прокурорлар еліміздің бас ветеринарының кәсіпкерлерден нақты қанша пара алғанын жариялады. Шенеунікке қатысты қылмыстық істің күрделілігі соншалық,  тағылған айыптарды қос прокурор кезек-кезек оқыды.

Әлібек Айтжанов, прокурор:

-Сақташ Хасенов Елена Решетькомен бірігіп, 2015 жылдың шілдесінен 2016 жылдың қараша айы аралығында «Хладоленд» компаниясының құрылтайшысынан 36 миллион 140 мың 910 теңге пара алған. Ол бұл қаржыға «Мироновская птицефабрикасының» өнімдеріне  уақытша салынған тыйымды алып тастаған.

Украиналық құс фабрикасының өнімдерінен қауіпті инфекция анықталған екен. Соған байланысты шетелдік тауарды елімізге тасымалдауға тыйым салынған. Кейін біздің кәсіпкерлер бұл мәселені шешу үшін бұрын Ауыл шаруашылығы министрлігінде қызмет еткен Елена Решетькодан көмек сұрайды. Ол Хасеновты келістіріп, пара тасыған. Яғни, төраға украиналық құс фабрикасына салынған тыйымды алып тастау үшін елге импортталған еттің әр келісінен 5 теңге талап еткен.Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро былтыр қарашада Хасеновты осындай кезекті пара алу кезінде ұстаған болатын. Содан бері Хасенов тергеу абақтысында.

Хасенов ісіне қатысты әзірге екі куәгерден жауап алынды. Ал пара берген кәсіпкерлер сотқа қатысып жатқан жоқ. Егер прокурорлар Хасеновтың кінәсін дәлелдесе, ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе 3 миллиард теңгеге жуық айыппұл төлейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде