{metadescription}
 Тұңғышбай Жаманқұловпен бірге сотталғандар Мәдениет министрлігіне 18 миллион теңге қайтаруы тиіс
 Тұңғышбай Жаманқұловпен бірге сотталғандар Мәдениет министрлігіне 18 миллион теңге қайтаруы тиіс

Тұңғышбай Жаманқұловпен бірге сотталғандар Мәдениет министрлігіне 18 миллион теңге қайтаруы тиіс

Бүгін Алматы соты халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов бастаған бір топ өнер адамдарына үкім кесті. Барлығы атышулы «Феникс» фильмін түсіруге мемлекет бөлген миллиондарды жымқырғаны үшін айыпты деп танылып отыр. Дегенмен, 9 адамның ешқайсы темір торға қамалған жоқ. Бәріне шартты жаза кесілді. Әрі рақымшылыққа байланысты сол шартты мерзімнің өзі қысқартылған.

 -«Феникс» фильміне қатысты атышулы іс былтыр басталған болатын. Алдымен, осы картинаны түсіруге бөлінген мемлекеттің ақшасын жеді деген күдікпен режиссер Талғат Жәнібеков қамалды. Кейін таяқтың бір ұшы фильмнің бас продюсері Тұңғышбай Жаманқұловқа да тиді.

Үкім өз пайдасына шешіледі деп ойласа керек, әйгілі актер бүгін аса қобалжып отырған жоқ. Жеңіл жазадан үміттенген Жәнібеков пен «Қазақфильмнің» топ-менеджері Гаухар Ысқақова да заттарын жинай келген екен.

Тәкен Шакиров, судья:

-Тұңғышбай Жаманқұлов 7 жылға бас бостандығынан айырылсын, 5 жыл мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынады. Рақымшылыққа байланысты, жаза 3 жыл 6 айға қысқарып, шартты түрге ауыстырылсын.

Енді басы дауға қалған халық әртісі тұрғылықты мекен-жайын ауыстыруға және қаладан шығу үшін рұқсат алуға, сондай-ақ құқық қорғау органдарына жүйелі түрде есеп беруге міндетті. Жалпы, 69 млн теңгені қалтаға басты деп күдікке ілінгендердің барлығы айыпты деп танылды. Ал, ең қатаң жаза - 7 жыл бас бостандығынан айыру режиссер Талғат Жәнібеков пен жеке кәсіпкер Данияр Әбдіхалықовқа тағайындалыпты. Рақымшылыққа байланысты екеуінің де жазасы шартты мерзімге ауыстырылып отыр. Мұны естіп қуанғандар судьяның сөзін тыңдап болмай, бостандыққа асықты.

Үкіммен келіспеген тек Тұңғышбай Жаманқұлов. Өйткені, 69 миллионның бір тиынына да тиіскенім жоқ дейді ол. Сондықтан, абыройыма нұқсан келді деген әйгілі актер апелляциялық шағым түсірмек.Айта кетсек, іс сотқа жеткен соң айыпталушылар ақшаны да жаппай қайтара бастаған болатын. Дегенмен, бас-аяғы 12 млн теңге орнына қойылыпты. Соның 6 миллионын Тұңғышбай Жаманқұлов қамаудан шығу үшін төлегені белгілі.

Сондай-ақ, сол бүгін 9 сотталушыны жәбірленуші ретінде танылған Мәдениет және спорт министрлігіне тағы 18 миллион теңге қайтаруға міндеттеді. Қаржы 1 ай ішінде аударылуы тиіс. Әйтпесе, сот шешімін орындамағандар қайтадан істі болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде