{metadescription}
Мерекеде мұқтаж балғындарға 1 жарым миллион теңге табысталды
Мерекеде мұқтаж балғындарға 1 жарым миллион теңге табысталды

Мерекеде мұқтаж балғындарға 1 жарым миллион теңге табысталды

Талдықорғандағы «Қамқор» балалар үйіне мұндай сыйлықты Тұңғыш Президент қоры жасап отыр.

Меруерт Жиенбекова, «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры:

- Біздің балалар – ерекше балалар. Сондықтан, оларды осы ортада қалыптасуына, оңалтуына мүмкіндік жасауға тырысып жатырмыз.  Тұңғыш Президент қорының бізге көңіл бөліп, балаларға осындай сыйлық бергеніне өте қуаныштымыз.

Бұл қаржыға балалар үйі дефектологиялық құралдар сатып алмақ. Бұған қоса, қор әдеттегідей жетісулық талантты жастарға стипендиялар тағайындаған. Олардың ғылымға деген ынтасын оята түсу үшін білікті мамандар шеберлік сыныптарын өткізді. Қаладағы Тұңғыш Президент қорының күндері әдеттегідей үлкен концертпен аяқталды. Әрі онда еліміздің адам аяғы баспаған жерлері бейнеленген суреттер көрмесі ұйымдастырылған. Айта кетсек, мұндай шара бұған дейін Қарағанды, Шымкент, Көкшетау қалаларында өткен болатын. Бұдан кейін де жалғаса бермек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде