{metadescription}
Полковниктер шеруі
Полковниктер шеруі

Полковниктер шеруі

Петропавл полициясында қызмет ететін полковниктер қала көшелеріне велосипедпен шықты. 25 полковниктің бұл шеруі Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналып отыр.

Әдетте қатаң үлгідегі киім киіп, погон тағатын полковниктер бүгінонысын жеңіл жейдеге ауыстырған. Тіпті, бұл шара үшін кала көшелеріндегі қозғалыс әдейі тоқтатылды. Полиция құрамында жүріп, осындай шенге дейін өскендердің дені үшін спорттың бүл түрі таңсық емес екен. Араларында аптасына 100 шақырым велосипедпен жүретіндері де бар.

Еркетай Тұтқышев, СҚО ІІД Көші қон қызметі басқармасының бастығы:

-Қаладан шыққанға шейін  12 шақырым. Қаладан Явленкаға дейін 80. Явленкадан ауылдың ішінде ағам тұратын жерге дейін өзім санағам 92 км. Түк тұрған жоқ. Жеңіл ғой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде