"Бала дауысы – Атырауда"
Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры енді мұнайлы астанадағы бүлдіршіндердің арасынан үздіктерді анықтамақ. Жүзден жүйрік шыққанды - Серік Ибрагимов әншіліктің қыр-сырына үйретіп, шындайтын болады. Елімізде осымен екінші рет өтіп жатқан байқауды брендке айналдыруға, Тұңғыш Президенті қоры мен Мәдениет және спорт министрлігі қолдау білдіріп отыр.
Автор: Жанар Низамутдинова
02.06.2017
Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайы таң атысымен әуезді әнге бөленді. Бала дауысына қатысып, бақтарын сынауға келгендер соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Араларында республикалық конкурстардың сан жүлдесін иеленгендер де бар.
Арман Асқар, байқауға қатысушы:
-Біз бала дауысына ініміз екеуіміз қатысуға келдік. Көптеген конкурстарға қатысып жүрміз, бірінші, екінші, үшінші орындар алдық Астана, Алматыда, осы бала дауысынан да жеңіп шығамыз деп ойлаймыз.
«Бала дауысына» қатысуға келген бала да аз емес. Жүзден асып жығылады. Ал, оларды рухани қолдауға жиналған ата-ана тіпті көп.
Динара Бекболатова, Атырау қаласының тұрғыны:
-Барлығымыз да қатты уайымдап тұрмыз. Көп жылдан бері өлең айтады, қазақтың әншісі болғысы келеді, бұл жобаға үлкен рахмет айтамыз.
Қатысуға келген балалардың әрқайсысына жөн сілтеп, бағыт-бағдар беріп жүрген ұйымдастырушылардың да жұмысы қауырт. Өйткені олар 22 маусымға дейін іліміздің барлық аймағын аралап шығулары тиіс. Содан кейін іріктелген үздіктер Алматы қаласындағы ән мектебінде финалға дайындық жұмыстарын жалғастырмақ.
Толғанай Хасен, ұйымдастыру тобының өкілі:
-Жұлдызды үйге орналасып, хореография, вокал сабақтарына, актерлік шеберлік сабағын алып, дайындалады. Өздерінің жұлдызды тәлімгерлерімен бірге дайындықты жүргізеді.
Байқаудың финалы қазан айында Алматы қаласында өтеді. 3 концерттік бағдарламаден тұратнын Супер-финал КТК телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілмек. Ал, еліміздегі ең мықты деп танылған бала әйгілі Диснейлендке жолдама алады және Қазақстандағы беделді музыкалық оқу орнында білім алуға грантқа ие болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!