Оралдықтар су бұрқақтарының су шашпай тұрғанына таң
Қаланың ең көрікті жерлерінен ашылған фонтандар көктем бітіп, жаз шықса да іске қосылмаған.
Автор: Аруна Ортай
02.06.2017
Ескісі тұрмақ, жаңаларында да тамшы су жоқ. Тіпті, қыруар қаржы жұмсалған әуен ойнайтын жаңа фонтанның өзі істемейді. Сөйтсе, су бұрқақтары бұзылмаған екен. Тек тендерді күтіп тұр. Мемлекеттік сатып алу байқауы аяқталысымен фонтандардың да бойына су жүргіреді дейді шенеуніктер.
Мирас Мұлқай, Орал қалалық Коммуналдық шаруашылық және тұрғынүй инспекциясының сектор меңгерушісі:
-Мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп жатыр. Аталған конкурстың аяқталу мерзімі маусым айының екінші жартысы болып табылады. Мердігер мекеме анықталған соң қаладағы субұрқақтар қосылатын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!