Филиппинде казиноға жасалған шабуылдан 36 адам өлді
Қарулы азамат ел астанасы Маниладағы ойынханалардың біріне баса көктеп кіріп, ойын үстелдеріне жанармай құйып өртеп жіберген.
Автор: Диас Нұрақын
02.06.2017
Мұның арты алапат өртке ұласып, казино ішіндегілер ысқа тұншығып қалыпты. Бұл қанды қырғынды «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы бірден өз мойнына алған. Алайда оқиға орнына жеткен әскерилер мен полицейлер шабуылға содырлардың қатысы жоқ дейді. Өйткені қашып құтыла алмасын білген күдікті өзін өзі өртеп жіберген. Ал оның сөмкесінен екі миллион доллардың ойын фишкалары табылды. Сондықтан қаскөй казиноны тонамақ болды деген болжам бар.
Роналд Дела Роса, Филиппин Ұлттық полициясының басшысы:
-Бұл оқиғаны лаңкестік әрекетке жатқыза алмаймыз. Себебі күдікті «Ислам мемлекеті» ұйымының мүшесі болса, ол адамдарға оқ жаудырып, өзін-өзі жарып жіберетін еді. Сондықтан мұны сәтсіз аяқталған тонау операциясы деуге болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!