Таразда дүлей дауылдан зардап шеккендерге өтемақы берілді
Тараздағы дүлей дауылдан қаза тапқандардың отбасы мен тоққа түсіп жазым болған жасөспірімнің жақындарына қаржылай көмек көрсетілді. Демеушілер қара жамылған әр отбасыға 1 млн. теңгеден берген.
Автор: Руслан Әбдіхалық
02.06.2017
Өткен дүйсенбідегі күшті желдің салдары төтенше жағдайға жатпайды дейді шенеуніктер. Сондықтан, жергілікті билік кәсіпкерлерге алақан жаюға мәжбүр болыпты. Еске салсақ, секундына 27 метрге дейін соққан сол дауыл құрылыс нысанындағы бастырма төбесінде жүрген екі жұмысшыны шатырымен қоса ұшырып әкеткен еді. Енді дауылды күні қарамағындағыларды жұмысқа жеккен прораб жауапқа тартылуы мүмкін. Сондай-ақ, сол күні тоққа түсіп өлген баланың қазасына кінәлілер де әлі анықталған жоқ. Электр желілеріне жауапты мекеме басшылары жұмған ауыздарын ашпады. Айта кетейік, каналдағы сумен ойнап жүрген оқушыны тоқ ұрып, оны құтқарамын деген Бекзат Үмбеталиевтің өзі тоққа түсіп жазым болған.
Жасұлан Ханалиев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:
- Премьер-Министр Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес топтың Тараз қаласында жиналысы өтті. Жиналыс нәтижесінде демушілер күшімен қайтыс болған азаматтардың жанұясына қаржылай әрбір жанұяға 1 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!