Қарағанды облысында суға кеткен қызды іздеу тығырыққа тірелді
Ал Қарағанды облысында суға кеткен 14 жастағы қыздың денесін табу үшін, Самарқан су қоймасынан Нұраға жіберілетін су мөлшері азайтылды. Әйтпесе, арнасынан асқан өзенге аққан Ангелина Вайтерді құтқарушылар 4 күннен бері таба алмай жатыр.
Автор: Саят Сабдалы
02.06.2017
Ангелина Нұра жағасындағы мына талға байланған арқаннан өзенге секіріп түсіпті. Бірақ су бетіне қайта шықпаған. Қазір құтқарушылар су бетін қайықтармен қараса, сүңгуірлер су астынан шолып жатыр. Өзен жағасын еріктілер де тінтіп жүр. Алайда, судың лай болуы іздеу жұмыстарына кедергі келтірген. Құтқарушылар өзеннің осы тұсында ағыстың қаттылығынан, шомылуға рұқсаттың жоқтығын айтады. Былтыр да, дәл осы жерде 19 жастағы жігіт суға кетіп, денесі 4 шақырым жерден табылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!