ҰҚК: Телефон қоңырауын тыңдау мен жазу бүкіл абоненттерге қатысты емес
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жұрттың наразылығын тудырған жаңа ережеге қатысты түсініктемі берді. Яғни, барлығының бірдей әңгімесі тыңдалмайды. Тек бұрыңғыдай құзырлы орындардың сұрауы бойынша іске асырылмақ.
Автор: Олжас Байжан
05.06.2017
Жаңа жылдан бастап қолданысқа енгізілетін техникалық регламентте тек байланыс операторлары мен құқық қорғау органдарының әрекеті нақтыланған екен. Жаңалық тек тергеу жұмыстарына қатысы бар тұлғаларға қатысты болмақ. Олардың телефонынан жасалған қоңыраулар, смс хабарламалар мен мобильді деректерді жазылады. Бірақ оның өзіне прокурордың санкциясы керек. Сондай-ақ кез-келген азамат өтініш білдірген жағдайда оның телефон қоңыраулары тыңдалуы мүмкін. Осы әрекеттерді іске асыруға дайын болу үшін байланыс операторлары жаңа құрылғыларды орнатуға міндетеліпті. Бұл жұмыс 2018 жылға дейін аяқталуы тиіс.
Бексұлтан Мейірбеков, байланыс операторының өкілі:
-Жаңа регламент техникалық қадағалау заңы мен қылмыстық кодекске сай жасалған. Ол негізінен коммутациялық құрал-жабдыққа қатысты. Сондай-ақ әр қызметтің атқаратын міндеті нақтыланған. Ал жұмыс реті өзгеріссіз қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!