Каспийде қайырлап қалған ресейлік мұнай танкері кез-келген уақытта жарылуы мүмкін
Кемені қарап шыққан сүңгуірлер осындай шешімге келіпті. Күн ысып кетсе, 550 тонна мұнай әп-сәтте отқа оранады дейді олар.
Автор: Ербол Тұрымбет
05.06.2017
Танкер қазір «Песчаный» мүйісінде қайырлап тұр. Оған суға түсушілердің көп жақындауы да жағдайды ушықтырған. Өйткені, кемеге мініп-түсетіндерімен қоймай, үстінде алау жағатындары да аз емес. Дегенмен, жергілікті экологтар жағдайда бақылауда ұстап отырғандарын айтады. Танкер маңынан бірнеше рет су сынамасын алған мамандар мұнай өнімдерінің төгілмегеніне көз жеткізіпті. Әйтсе де, жергілікті билікке кемеден мұнайды құйып алу туралы ұсыныс жасалған. Тек, ол оңай шаруа емес екен.
Алексей Оськин, сүңгуір:
-Күн ысыған сайын мұнай буға айналып, болмашы ұшқыннан жарылып кетуі мүмкін. Төтенше жағдай жариялап, кемедегі мұнайды тасып алса болар еді. Бірақ, жергілікті билік неге екені белгісіз, олай етпей отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!