Шахандағы апатқа әкім мен бірқатар лауазымды шенеуніктер сотталуы мүмкін
5 ай бойы жүрген тергеу қортындысы бойынша, Шахан кентінің әкімі,орынбасары мен бөлім басшысы және Шахтинск қаласы коммуналдық шаруашылығы бөлімінің екі қызметкері қылмыстық жауапқа тартылатын болды.
Автор: Саят Сабдалы
05.06.2017
Бұлар «арты қайғылы жағдайға әкелген қызметтік немқұрайлылық» бабы бойынша сотта жауап береді. Өйткені, үйлерге қойылған қазандықтардың құрылыстық нормаға сәйкес келмейтінін біле тұра еш әрекет етпеген дейді прокурорлар. Жақын күндері сот процестері басталмақ. Кінәлері дәлелденсе, 4-тен 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылады. Дегенмен, тергеуге алынғандар тағылған айыптарды мойындап отырған жоқ. Қаңтардың 1-нен 2 сіне қараған түні Шахандағы 5 қабатты үйде жылу қазандығы жарылып, бір подьезд опырылып түскен болатын. 9 адам үйінді астында жан тапсырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!