«Қорғас» бекетінде жерлесін пышақтап өлтірген жігіт қамауға алынды
Қазақ-Қытай шекарасында сатушылардың төбелесі адам өлімімен аяқталды. Қанды қылмыс «Қорғас» халықаралық сауда орталығында кеше түс ауа болған.
Автор: Диас Нұрақын
05.06.2017
Әлеуметтік желі арқылы таралған мына видеодан екі жігіттің ерегесіп қалғанын анық аңғаруға болады. Артынша олардың бірі пышақ шығарып, қарсыласына сұғып алады. Суық қару Қуаныш Төлегеновтың көк бауырын тіліп өткен. 25 жастағы жігіт аудандық ауруханаға жетпей көз жұмды. Ал оны пышақтап тастаған 22 жастағы Диас Кәрібжанов қазір қамауға алыныпты. Шекарашылар мен кеден қызметкерлерінің көз алдында болған қанды қылмыстың анық-қанығын тәртіп сақшылары тергеп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!