Қытайдың әйгілі дәстүрлі медицинасы Астанаға келді
Қазақстан азаматтары енді ем іздеп Қытай аспайды. Аспан асты елінің әйгілі дәстүрлі медицинасы Астанаға өзі келді.
Автор: Азамат Алдоңғаров
07.06.2017
Президент іс басқарамасының медициналық орталығында ашылған емханада Қытайдан әдейі алдырылған 5 дәрігер дәстүрлі шығыс медицинасының барлық қызмет түрлерін көрсетпек. Орталықтың құрал-жабдықтары да сол елден әкелінген. Ал ем-домды кез-келген азамат ақылы түрде қабылдай алады. Орталық ішінде Қытайдың дәстүрлі шөптік дәрі-дәрмектері де сатылады.
Валерий Бенберин, ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы:
-Қазақстанда Қытай медицинасы орталықтары болғанымен дәл осындай, Қытайдың өз ішінде беделді мамандары тартылған орталық жоқ. Олардың барлығы мамандандырылған дәрігерлер. Үлкен клиникалық тәжірибесі мен миллиард Қытай пациенттерінің арасында зор абыройға ие.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!