{metadescription}
Көше кезгендер! Полиция ұлдары компьютер клубынан шықпайтын ата-аналарды жауапқа тартпақ
Көше кезгендер! Полиция ұлдары компьютер клубынан шықпайтын ата-аналарды жауапқа тартпақ

Көше кезгендер! Полиция ұлдары компьютер клубынан шықпайтын ата-аналарды жауапқа тартпақ

Жазғы демалыста жазатайым оқиғадан сақ болыңыз! Тәртіп сақшылары ата-аналарға жазғы маусымда балаларының жүрісіне абай болуды ескертіп отыр. Өйткені, қолы қалт етсе компьютер жағалайтын жеткіншектердің күн-түн демей ойын орталықтарынан шықпайтын әдеті бар. Ал беймезгіл жүрген балалар қолға түссе, сол ата-аналар жауапқа тартылып, айыппұл арқалайды.

Кәмелетке толмаған балалар заң бойынша қамқоршының қарауынсыз беймезгіл жүрмеуі тиіс. Әсіресе, көңіл көтеру орындары мен мынадай компьютерлік клубтарда. Балалардың қауіпсіздігімен тікелей айналысатын мекеме өкілдері соның бәрін қадағалап отыр. Тіпті, қарапайым лагерьде демалып жатқан баланың қауіпсіздігі де жіті назарда. Сондықтан қалалық ювеналды полиция «демалыс» атты жазғы маусымдық шараны қолға алған.

Ләйла Әліпбаева, Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы:

-Жедел іс шараның алғашқы мақсаты, балалардың қауіпсіздігі, балаларға қатысты қылмысқа жол бермеу, құқықбұзушылықтың алдын алу және де түнгі уақытта балалардың көшеде ата-аналарының қарауынсыз және ойын-сауық орталықтарында отырғандарын анықтау.

Мұндай шара нәтижесіз де емес. Жыл басынан бері 2 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапқа тартылған. Балаларды теріс қылыққа жібермес үшін қала басшылығы оқушылардың жазғы демалысын да белсенді өткізуге кіріскен. 

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

-1-10 сыныптар аралығындағы оқушылардың 50 пайызы мектеп жанындағы және қала сыртындағы 700-ден астам лагерьлерге барады. Бұл шараға жергілікті бюджет есебінен тиісті қаржы қарастырылды. Қалған балалар түрлі үйірме және клубтар, спорттық секциялармен қамтылатын болады.

Қазірдің өзінде қала сыртындағы лагерьлер жұмысын бастап кеткен. Ал аула клубтарында күн сайын ойын-сауық пен спорттық жарыстар жүріп жатыр. Бұл жерде балалар таңнан қара кешке дейін ойды дамытатын түрлі жаттығуларға да әуестенеді. Оған ата-аналардың көңілі толады.

Серік Ыбыраев, Алматы қаласының тұрғыны:

-Спорттық секциялар бар, мұғалімдер мектепке даярлайды. Мәселен менің кішкентай қызым соның арқасында оқып үйренді. Енді балаларым осында келетін болады. Өзім де жақын жерде тұрам, жақсы болды.

-Ал баласы беймезгіл көңіл көтеру орындарында жүретін ата-аналарға алғашқыда ескерту жасалып, тағы қайталанса 7 мың теңгедей айыппұл салынбақ. Мұндайға жол берген ойын орталықтары 200 мыңға дейін айыппұл төлеуі мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде