{metadescription}
Алматы облысында жазасын өтеп жатқан шетелдіктер елдеріне депортациялауды сұрап отыр
Алматы облысында жазасын өтеп жатқан шетелдіктер елдеріне депортациялауды сұрап отыр

Алматы облысында жазасын өтеп жатқан шетелдіктер елдеріне депортациялауды сұрап отыр

Алматы облысында жазасын өтеп жатқан 200-ге жуық шетел азаматынан құтылу мүмкін болмай тұр.Оларды асырау үшін жылына қазынадан жүз миллион теңге бөлінеді. Сондықтан оларды депортациялаған әлдеқайда арзан. Кесілген жазаны шетелдіктер отандарында өтеуге де қарсы емес. Тек оларды өз елдері де керек қылмайды екен.  

Ақ халат киіп, ас әзірлеп жүрген мына жігіт колумбия азаматы. Осыдан үш жыл бұрын ірі көлемде есірткі тасмалдағаны үшін 7 жылға сотталған. Бірнеше рет департациялауға өтініш білдіріпті. Бірақ еліне жіберілген хатқа әлі күнге жауап ала алмай жүр.

Хененберг Пульгарин Бринис, Колумбия азаматы:

-Бұл жерде ешкімім жоқ. Анам мен үш балам Колумбияда. Қазақстанда біздің елшілік те жоқ. Хат жазғанмын Алматыдан. Жауап күтіп жүрмін.

Ал, адам өлтіргені үшін 14 жылға сотталған мына қылмыскердің қай ел азаматы екенін ешкім білмейді. Бір де бір құжаты жоқ. Түрмеде жатқанына 12 жыл болған.

Евгений Хасанов, сотталушы:

-Бас прокурордан швецияға жіберуін сұрап хат жаздым. Халықаралық заңда оған толық құқығым бар. Мен әлем азаматымын. Өмірімнің қалған бөлігін Еуропада өткізгім келеді.   

Бір сотталушыны асырау үшін қазынадан жылына жеті жүз мың теңге бөледі екен. Яғни, мемлекет Алматы облысындағы шетелдік қылмыскерлерді ғана бағу үшін жыл сайын жүздеген миллионды шашады.

Марат Әбдірахманов Алматы облысы прокурорының орынбасары:

-2016 жылы 189 шетелдік сотталушы өз елдеріне кетеміз деп арызданған.  Соның 16 ғана шекара асты. Биыл төрт адам кетті. Көпшілігің хаттары жауапсыз қалып жатыр.

Кез-келген сотталушының шекара асыруға болады, жазасын өтеуші не мемлекет арыз жазса. Ол үшін ең бастысы екі ел арасында келісім болуы керек. Және сол мемлекет өзінің азаматы келтірген шығынды толық мойнына алуы тиіс. Бірақ біздің түрмеде жатқандарды алып кетем деп құлшынып отырғандар байқалмайды әзірге. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде