{metadescription}
Ақтөбе әкімі Мұстафа Шоқайдың суретін  ақыры өшіртіп тынды
Ақтөбе әкімі Мұстафа Шоқайдың суретін  ақыры өшіртіп тынды

Ақтөбе әкімі Мұстафа Шоқайдың суретін ақыры өшіртіп тынды

Ақтөбе әкімдігі көпқабатты үй қабырғасындағы Мұстафа Шоқайдың суретін өшіртіп тастады. Алаш арысының бейнесі шенеуніктерге ұнамай қалыпты.

Суретті құрылыс компаниясы шебер жалдап салдырған екен. Бірақ игі істері ұзаққа бармай, зая кетті. Ал суретінің өшірілгені көпшілікке ұнап отырған жоқ. Қоғам белсенділері кешелі бері облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтан Алаш арысының бейнесі кімге жақпай қалғанын сұрауда. Негізі, бұған дейін қала сәулетшілері жаңбырға шыдамай бояуы ағып кетті деп ақталған. Бүгін қала әкімі Ілияс Испанов рұқсатсыз салынған суретке орын жоқ деп шорт кесті. Тіпті, шенеунік Мұстафа Шоқайдың суретін шайтан бейнесімен салыстырды.

Ілияс Испанов, Ақтөбе қаласының әкімі:

-Ол жерде басқа бір сурет тұрса ол да өшірілетін еді. Себебі, оның келісетін түрі бар. Өзіміз тұрып жатқан үйдің қасына бір шайтанның суретін салып қойса отырамыз ба? 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде