{metadescription}
 Нығматулин бюджет ақшасын оңды-солды шашатын министрлердің шаңын қақты
 Нығматулин бюджет ақшасын оңды-солды шашатын министрлердің шаңын қақты

Нығматулин бюджет ақшасын оңды-солды шашатын министрлердің шаңын қақты

Бүгін Мәжілісте бюджет ақшасы үшін қып-қызыл айқай болды. Депутаттар қазына қаржысына жауапты министрлерді шетінен тергеп, тоқпақтың астына алды. Халық қалаулылары жылда миллиардтарды игере алмай, мемлекет ақшасын рәсуа қылатын шенеуніктерден әбден мезі болдық деп отыр. Ол аздай Үкімет мүшелерінің есебі бір-біріне қайшы келіп, депутаттар алдында масқаралары шықты.

Былтыр осы Үкімет мүшелері тау қопарып, үй саламыз, жұртты жұмыспен қамтып, тұрғындардың жағдайын адам танымастай етіп өзгертеміз деп, қазынадан қыруар қаржы бөлгізген. Енді министрлерге сол мемлекет ақшасының әр тиынын қайда және қалай жұмсағандары туралы есеп беретін уақыт келді. Алайда, шенеуніктер жиын басталмай жатып сыннан сүрінді. Өйткені, атқамінерлердің алып келген мәліметі бір-біріне қайшы.

Зәуреш Аманжолова, Мәжіліс депутаты:

-Үкімет  есебінде елімізде дәрігерлер  тапшылығы 241 маманға азайды дейді. Ал Есеп комитеті дефицит сол күйде жойылмаған деп жазады. Мұны қалай түсінуге болады?

Осыдан кейін Денсаулық сақтау министрі мен Есеп комитеті төрағасының арасында айтыс-тартыс басталды. Алдын ала өзара келісіп келмеген атқамінерлерді төменгі палата төрағасы тыйып тастады.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

-Уважаемые начальники большие, разберитесь! Стыд да позор! Либо подписывая документы, не читаете их, либо не понимаете, что подписываете. Отправляете в Парламент документы, которые абсолютно друг другу противоречат.

Бұдан кейін депутаттар ұлттық компаниялардың мәселесін май шаммен қарады. Мәжілісмендер біраздан бері квазимемлекеттік секторға қосымша қаржы бөлуді мүлдем тоқтатуды талап етіп жүр. Өйткені, Үкімет жылда ірі компанияларға миллиардтар бөледі де, ол қаржы соңында жұмсалмай бос қалады. Биыл 113 миллиард жұмсалмаған.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

 -Квазимемлекеттік секторға енді үшжылдық бюджет аясында ақша берілмейді. Ұлттық компанияларға керекті қаржыны жыл сайын бөліп отырамыз. Ол үшін арнайы заң әзірлеп жатырмыз. 

Жалпы, өткен жылдың бюджетіне 8 триллион теңге бөлінген. Шенеуніктер оның 150 миллиардын ұқсата алмапты.  

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс  төрағасы:

-Экономика және Қаржы министрлері, сіздер ұялмайсыздар ма? Жылда қараша айында бюджетті өзгертіп, Парламентке алып келесіздер. Ал қазына қаржысының тиімсіз жұмсалуына ешкім жауапты емес. Сүлейменов пен Сұлтанов бюджет шығынын санағанда сандарды мың құбылтып, алдайды. 

Таяқтың бір ұшы Есеп комитетінің төрағасына да тиді. Қазына қаржысының тиімді жұмсалуын тексеретін орган жылда «шенеуніктер миллиардтарды ұрлады, қолды қылды» деп байбалам салғанымен, ешкім жазаланбайды, көп іс сотқа жетпей жабылады, -  дейді депутаттар.

Есеп комитетінің төрағасы ақталуға тырысты. Нұрмұхамбет Әбдібековтың айтуынша, өткен жылы 29 шенеунікке қатысты  қылмыстық іс қозғалыпты. Ал бірнеше сағат ұрыс естіген Қаржы министрі болса, енді бар ақшаны иегере алмаған әкімдердің жоспарынан қате шықса да алдын ала жазаламақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде