{metadescription}
Семейде тозығы жеткен баспана тұрғындары наразылыққа шықты
Семейде тозығы жеткен баспана тұрғындары наразылыққа шықты

Семейде тозығы жеткен баспана тұрғындары наразылыққа шықты

Бүгінде судан құрғамайтын ғимараттың қабырғалары қақырап, сылақтары сыпырылып қалған. Ескі баспананы жергілікті әкімдік модернизация бағдарламасы арқылы қалыпқа келтірмек болған көрінеді. Алайда, ол үшін бөлінуі тиіс 16 млн теңге жылдан-жылға созылып сиырқұйымшақтанып кеткен. Енді, соның кесерінен жұрт үйінді астында қаламыз ба деп алаңдаулы.

-Дәл мына бес қабатты баспананың ірге тасы қаланғанына биыл 45 жыл болған. Алайда бұған соңғы рет жөңдеу жұмыстары қашан жүргізілгені ешкімнің есінде жоқ. Бүгінде, шұрық- тесік төбелерінен су сорғалап ішіндегі 120 пәтер мен подьездің астан кестені шыққан.

Татьяна Толстунова мұнда 32 жылдан бері тұрады. Зейнеткердің екі бөлмелі пәтеріне жасатқан жөндеу бір жылға жетпей тоз-тозы шыққан. Қазір дым тартқан қабырғалары қақырап, көгеріп тұр.

Татьяна Толстунова, Семей қаласының тұрғыны:

-Бұл үй құлайды. Жаңбыр жауған күні жоғарғы қабаттан сорғалаған су бірінші қабаттағы пәтерлерге дейін жетеді. Көк сасыған үйден балалар жаппай ауырып жатыр. Бір күні өзімізді де басып қалуы ғажап емес.

Тұрғындар төбесінен су тоқтамайтын ғимараттарын қалыпқа келтіру үшін талай табалдырықты тоздырыпты. Жергілікті әкімдіктен арнайы коммиссия келіп тексеріп те кеткен. Олар, жұртқа модернизация барғадарламасы шеңберінде, 16 млн, теңге бөліп жөндеу жүргізуге уәде еткен. Әйтсе де, баяғы жартас – сол жартас.

Оразған Құсайынова, Семей қаласының тұрғыны:

кімнен адамдар  келді. Тындырған еш нәтиже жоқ. Үй құлағалы тұр. Оны фотаға түсірді.

Жергілікті билік мәселеден хабардар. Тек оларға қаржы тапшылығы қолбайлау болып отыр екен. Әйтсе де, күрделі жөндеуге керекті ақшаны сұратып қойғанбыз деп ақталады.

Светлана Заурбекова, Семей қаласының тұрғынүй инспекциясы бөлімінің басшысы:

-Қаржы жеткіліксіз. Ол облыстық бюджеттен бөлінуі керек. Қазір бұл мәселе шешілмей жатыр. Біздің деңгейде қарастырылатын жағдай емес қой.

Белгілі болғандай, жұрт айтқан 16 млн. теңге тек төбе жабындыларын ауыстыруға жетеді екен. Ал, тозығы жеткен тоқ сымдарымен, кәріз құбырларын бастан-аяқ жаңалауға 25 млн керек. Бірақ, бюджетке енгіздік деген шенеуніктер, қағаз жүзіндегі ақшаның нақты қашан бөлінетінін дөп басып айталмады. Сондықтан, жұртқа жандарын шүберекке түйіп, күтуден басқа амал жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.