Катар азаматтары бірқатар араб елдерінің әуежайынан шеттетілді
Бірінші болып бұл шектеуді Біріккен Араб әмірлігі енгізді. Катардың изоляциясы күн өткен сайын күшейіп жатыр.
Автор: Олжас Байжан
08.06.2017
«Etihad» пен «Emirates» және «Qantas Airways» әуе компаниялары катарлықтарды Дубайға жеткізуден бас тартқан. Бұның себебі үкіметтің тыйым салуында. Сондай-ақ Катарда уақытша тұруға рұқсаты бар азаматтарға өзге араб елдері виза беруді тоқтатқан. Қазіргі таңда Катармен дипломатиялық және экономикалық қатынастарды бұзған елдер қатарында Сауд Арабиясы, Біріккен Араб әмірлігі, Мысыр, Иордания, Йемен, Бахрейн мен Мавритания бар. Ал лаңкестік ұйымдар және Иранмен қайдай да бір қатынасының бар екендін жоққа шығарған Катар қазір ислам мемлекетінің әуе кеңістігімен ұшуға мәжбүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!