{metadescription}
Ыстықкөлдегі қазақстандық пансионат жабылғалы жатыр
Ыстықкөлдегі қазақстандық пансионат жабылғалы жатыр

Ыстықкөлдегі қазақстандық пансионат жабылғалы жатыр

 «Самал» деп аталатын демалыс аймағы әбден ескіріп, тозып кеткен екен. Экологиялық және техникалық талаптарға сай келмейді деген қырғыз билігі соңғы ескертуін жасады.

«Самал» пансионаты Қазақ ұлттық Техникалық университетіне тиесілі.  Қаржылық қиындықтарға тап болған бұл жер былтырдан бері ешкімді қабылдап жатқан жоқ. Енді демалыс орнын иелері инвестор тауып қалыпқа келтірмесе, айыр қалпақты ағайын оны жауып тынбақ. Айта кетейік, бұған дейін көршіміз Ыстықкөлдегі бірнеше қазақстандық санаторийді 2019 жылға дейін 3 не 4 жылдызды қылуын талап еткен болатын. Жалпы, биыл көл жағасындағы 165 пансионаттың үштен бірі талаптарға сай келмегендік туристерді қабылдауы құқынан айырылыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде