{metadescription}
Қарағанды облысында көлігі өртенген қорықшылардың өзі күдікке ілінді
Қарағанды облысында көлігі өртенген қорықшылардың өзі күдікке ілінді

Қарағанды облысында көлігі өртенген қорықшылардың өзі күдікке ілінді

Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы қорықта табиғатты қорғау инпекторларының көлігі отқа оранды. Жанғыш затты бұларға, жол талғамайтын көлікпен қашқан броконьерлер лақтырған.

Инспекторлар жанған көліктің ішіненен шамалары келгенше дүниелерін алып үлгерген. Қорықшылардың айтуынша, олар 6-шы маусым күні қорық аумағында броконьерлерді 3 көлікпен қуыпты. Мемлекеттік нөмірі жоқ джип мінген қашқындар алдымен оқ жаудырып, кейін бұларға қарай жанғыш зат лақтырып із суытқан көрінеді. Көліктегі бейнетіркеу құрылғысы да жанып кеткен. Сондықтан олар түсінікті ауызша ғана беріп отыр. Ал қалған екі көліктегілер қуғынды неге жалғастырмағаны әзірге белгісіз. Қазір бұл айтылғандарды полиция тексеріп жатыр.

Игорь Милосердов, «Ақбөкен» табиғи қорығының директоры:

-Барлық болжамды қарастырамын. Инспекторлардың сөздеріне де 50 пайыз ғана сеніп отырмын. Күмәнді тұстар да жоқ емес. Сол себептен қазір ішкі істер департаментіне келіп әрқайсысынан жауап алынсын, анықтасын деп арыз жаздым.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде