{metadescription}
Атырау облысында жол апаты 5 адамның өмірін жалмады
Атырау облысында жол апаты 5 адамның өмірін жалмады

Атырау облысында жол апаты 5 адамның өмірін жалмады

Қайғылы оқиға бүгін таңертең Астраханьға баратын жолда болды. «Тойота Ланд Крузер 200» және «Лада Гранта» маркілі көліктер Атыраудан шыға берістегі көпір үстінде бетпе-бет соқтығысқан.

Ресейлік көлік Аққыстау селосынан Атырауға келе жатқан екен. Апат салдарынан «Грантаның» 37 жастағы жүргізушісі мен 49, 33 жастағы жолаушылары мерт болды. Қазақ тапқандар қатарында 25 жастағы келіншекпен, оның 3 жасар сәбиі де бар. 37 жастағы тағы бір жолаушы бастан соққы алып, облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Ал, джиптің 30 жастағы жүргізушісі аман. Тек үш жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға түскен.

Ринат Дагаров, Атырау облыстық ІІД анықтау басқармасы бастығының орынбасары:

-Нақты қай жүргізуші тарапынан кемшіліктер кеткені сараптама өткізген соң анықтайтын боламыз. Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 345 бабының 4-ші бөлігімен соталды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде