{metadescription}
Экспо кезінде еріктілер фаст-фудпен тамақтанбақ
Экспо кезінде еріктілер фаст-фудпен тамақтанбақ

Экспо кезінде еріктілер фаст-фудпен тамақтанбақ

Тегін жұмысқа тегін тамақ! «Экспо» кезінде еріктілер фаст-фудпен тамақтанбақ. Өйткені, танымал бургерлік фирмамен келісімге отырған Астана әкімдігі жастарды осы жылдам әзірленетін тағаммен тойдырмақшы. Бұндай асты үш ай бойы жеуге еріктілер де қарсы емес.

«Экспо» кезінде туристер мен қала қонақтарына қызмет көрсетіп, бағыт-бағдар беретін осы еріктілер. Студенттер мен оқушылардан жасақталған тегін жұмыс күшіне бірдей киім үлестіріліп, жатын орындар берілген. Әрі үш уақыт ыстық тамақ бар. Қызметі үшін соқыр тиын да алмайтындықтан, ішіп жемі тегін.

- «Экспо» туралы мектепте болғанда естідім. Және осы көрмеге қатысамын деп шештім. Өйткені бұл үлкен жауапкершілік.

Алда-жалда ыстық тамақ жетпесе, фаст-фуд бар. Астана әкімдігі жылдам тамақтандыру фирмасымен келісімге қол қойған. Енді еріктілердің қарны ашқанда, бургер мен гамбургерді сүйкеп алуына болады. Бірақ 90 күн бойы жейтіндіктен, олардың артық салмақ жинауы да ғажап емес. Тек, қыз-жігіттер мұны ойлап жатқан жоқ.

Әсел Бақытова, ерікті:

-Егер үлгермей фаст-фудпен тамақтандырып жатырса қарсылығым жоқ. Бірақ, күнде емес енді.

Мыңға тарта еріктілерді ас-сусыз қалдырмаған шенеуніктер жүгенсіз кеткен таксишілермен алысып әлек. Өйткені, осындай жүргізушінің бірі «Экспоға» келген туристі жақын жерге жеткізіп, қалтасынан 40 мың теңге сыпырып алған болатын. Ұятты жағдайдан соң атқамінерлер такси қызметтерімен жұмысты күшейткен.

Малика Бектұрова, Астана әкімінің орынбасары:

-Сол такси жүргізушісі есептеуіш құралым іске қосылмай қалған деп ақталды. Енді барлығына ескерту жасадық. Яғни, есептеуіш құрылғысын қоспаған таксишілерді тегін жұмыс істеуге мәжбүрлейміз.

Ал, жарнамасы жер жарған «Экспоны» көру үшін туристер ұшақ пен де пойызбен де келіп жатыр. Тіпті, олардың көптігі сонша Азаматтық авиация комитеті Астанаға келетін рейстердің санын арттырған. 

Яғни, Астана аспаны кез-келген әуе компаниясы үшін ашық. Бұл «Экспоға» келетін туристерге ғана емес, еліміздің азаматтары үшін де өте қолайлы. Яғни, көрме аяқталғанша Елордадан әлемнің кез-келген бұрышына ұша алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде