{metadescription}
 Сарапшылар Шанхай ынтымақтастығы ұйымының кеңеюіне қатысты пікір білдірді
 Сарапшылар Шанхай ынтымақтастығы ұйымының кеңеюіне қатысты пікір білдірді

Сарапшылар Шанхай ынтымақтастығы ұйымының кеңеюіне қатысты пікір білдірді

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының отырысына қатысатын мемлекет басшылары Елордаға жиналып жатыр. Бұл жиынды сарапшылар тарихи деп бағалауда. Себебі биыл ұйым қатары жаңа мүшелермен толықпақ. Үндістан мен Пәкістан қосылған соң, оның әлемдегі салмағы мен маңызы артады. 8 одақтастың халық саны жер шары тұрғындарының жартысына жуықтап, әлемнің ядролық қаруының тең жартысы бір саяси ұйымның қолына жиналмақ.

Президенттер Астанада нені сөз етеді, қандай құжаттарға қол қоймақ?

-Бүгін күллі әлемнің назары Астанаға тігілді десек қателеспейміз. Қазақстанды айтпағанда, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан басшыларының ұшағы Астанаға келіп қонды. Ұйымға ресми түрде  қосылғалы отырған Пәкістан премьері мен Үндістан президенттері де, қазақ жерінде.

Тарихи деп айдар тағылған жиын ертең түске дейін Тәуелсіздік сарайында өтеді. Стратегиялық нысанға айналған ғимарат маңында қауіпсіздік шаралары мейлінше күшейтілген. Бұл түсінікті де. Бүгін кеште галстуксыз бейресми кездесу өткізетін президенттер жұмада саяси маңызды шешім қабылдамақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Завтра состав членов пополнится еще двумя важными членами. Это Индия и Пакистан. Таким образом ШОС будет представлять с собой 40 проц земного населения. Около 1/3 экономики мира. Поэтому передавая председательство наше мы желаем успехов нашим китайским друзьям.

Осылайша бастапқыда еуразия аймағын қамтыған бірлестіктің өрісі кеңіп, жаһандық ұйымға айналып отыр. Әлем сарапшыларының, жақын арада серіктестердің қатары Иранмен толығып, географиясы Парсы шығанағына дейін жайылады деген болжамдары да бар. Бұл өз кезегінде ұйымның геосаясаттағы салмағын арттырмақ.

Ерлан Саиров, саясаттанушы:

-Үндістан мен Пәкістан бұл ұйымға кіргеннен кейін осы ұйымның ЖІӨ-і 20 трлн доллардан асатын болады. Бұл дүниежүзілік өнімнің 3/1. Яғни бұл ұйымның экономикалық, қаржылық статусы басқа бір сапалық деңгейге өседі. Осы экономикалық өсу осы мемлекеттердің арасындағы экономикалық дамудың тригері, алғышарты болуы ықтимал.

Ал ертең  жалпы саны 11 маңызды құжатқа қол қояды деп күтілуде. Оның бірі астаналық декларация, келесі құжат ұйымның экстремизмге қарсы іс-қимыл конвенциясы.

-Ал отырысты тәмамдап, кешке таман президенттер ЭКСПО көрмесінің салтанатты ашылуына қатысады. Ресми Астана осылайша жоғары мәртебелі қонақтарды бір шақырып, екі тойдың жүгінен құтылмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.