Қытайлар Қазақстанның мұнай нарығында қалдыруды сұрап отыр
Шетелдік кәсіпкерлер елімізде қара алтын өндіру ісін әрі қарай ұзартуды сұрап отыр. Нұрсұлтан Назарбаев оны Үкімет қарастырып жатқанын айтты. Ал жақында Қазақстандағы қытайлық бизнесмендердің саны еселеп артпақ. Көрші мемлекеттің 51 компаниясы елімізге көшіп келмекші. Екі ел арасындағы алыс-берісті бүгін Астанаға ресми сапармен келген Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпи мен Нұрсұлтан Назарбаев талқыға салды.
Автор: Жәудір Оразхан
08.06.2017
-Си Цзиньпин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл кездесуі - ресми келіссөзіне қарағанда, ескі екі достың ашық әңгімесіне ұқсады. Өйткені, олар жүздесу кезінде бір-біріне жақын жолдас, сенімді серік екендерін жиі қайталады. Қытайлық қымбат қонақүйге жайғасқан Си Цзиньпин болса, Астанада өз үйінде жүргендей сезініп жүргенін айтып ағынан жарылды.
Оның үстіне мәртебелі мейман Арқа төсіне осымен үшінші рет табан тіреп отыр. Дүниежүзінде экономикасы жедел дамып жатқан Қытай мен Қазақстанның алыс берісі жыл санап артуда. Коммерциядан бөлек, екі жақтың да өз геосаяси мүддесі бар. Си Цзиньпин мен Нұрсұлтан Назарбаев мұндай тығыз әріптестікті «жылдар бойғы келіссөздердің нәтижесі» деді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Очень дорожу тем отношением, которое вы проявляете лично ко мне и Казахстану. Наш народ знает, что Китай – не только близкий сосед, но и друг, партнёр, с кем мы имеем доверительные отношения. Стратегически мы связываем судьбу развития Казахстана с вашей страной.Китай с каждым годом занимает то положение, которое ему подобает. И мы рядом будем всегда вместе с вами.
Си Цзиньпиннің осы іссапарынан кейін аспан асты елінен келетін кәсіпкерлердің саны еселеп артқалы тұр. Өйткені, құны 28 миллиард доллар болатын 51 қытайлық зауыт елімізге көшіп келмек. Сондай-ақ, тараптар кейбір ортақ жобаларды салықтан мүлдем босатуға келісті. Ал Ақтөбе облысында жұмыс істеп жатқан қытайдың алпауыт мұнай компаниялары келісім мерзімін тағы ұзартуды сұрап отыр екен. Бұл ұсынысты Назарбаев мұқият зерделейтінін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-25 процентов добываемой нефти в Казахстане производится китайскими компаниями. Сейчас они ставят вопрос о продлении контрактов, мы будем очень внимательно это смотреть, потому что они хорошие наши партнеры по совместной работе. За эти годы, когда мы с вами вместе работаем, поставлено более 100 миллионов тонн нефти через Казахстан, более 180 миллиардов кубометров газа.
Қазақстан мен қытай арасындағы байланысты мұнайдан кейін сауда-саттық жалғастырып тұр. Былтыр алыс-беріс 8 миллиард долларға жуықтаған. Яғни тауар айналымы 30-40 пайызға өскен.
Си Цзиньпин, Қытай Халық Республикасының төрағасы:
-Біздің екіжақты қарым-қатынасымыз мемлекеттер арасындағы тату байланыстың үлгісі. Біз жақын доспыз. Ұлы Жібек жолының жалғасы ретінде «Бір белдеу - бір жол» атты идеямды алғаш рет Қазақстанда ұсындым. 3 жыл өткен соң бұл бастама әлемде үлкен қолдау тапты.
Әрине, экономикасы да, халқының саны күн сайын өсіп жатқан Қытай энергоресурсқа өте зәру. Сондықтан, Бейжің қазақтың қазбалы байлығынан бас тартпасы анық. Ал бюджетін осы мұнай мен газдан түскен табыспен жауып отырған Қазақстан үшін басты экспорттық өнімін сататын жер керек. Бұл жерде шығыстағы құдайы көршіміз таптырмас нарық.
Сондай-ақ, Си Цзиньпин мен Нұрсұлтан Назарбаев Алматыны селден қорғайтын платина салуға уағдаласты. Құрылысқа қос ел бірдей араласпақ. Осылайша, ресми Астана мен Пекин алыс-беріс пен барыс келісті бұдан да жандандыра бермекші. Ал Қазақстанға көңілім ерекше деген Қытай төрағасы Астанада үш күнге келген. Ертең ол, Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысына кейін ЭКСПО көрмесінің ашылуына да қатыспақ
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!