{metadescription}
Ұрлық: СҚО-да жүздеген малдың жоғалуына жұрт жылқышыны кінәлап отыр
Ұрлық: СҚО-да жүздеген малдың жоғалуына жұрт жылқышыны кінәлап отыр

Ұрлық: СҚО-да жүздеген малдың жоғалуына жұрт жылқышыны кінәлап отыр

Солтүстік Қазақстан облысында малмен күн көріп отырған жұрт жүген ұстап қалды. Уәлиханов ауданындағы 3 бірдей ауылдан 300 бас жылқы жоқ болған. Тұрғындар бұған жылқышыны кінәлап отыр. Қараша айында малды алысқа айдап әкеткен ол, содан қайтып жұртқа жылқысын көрсетпей жүрген екен. Енді 600 бас малдан қалғанына қазір талас басталған.

-Өрісте жүрген 600 бас жылқыны мына қоршауға әкеп қамағанда келіп түгендеп,санап қоятынбыз дейді иелері. Қыстай жылқышысы жол жоқ деп, жылқыны ауылға жақындатпаған. Көктем шыға келіп санаса 300 бас жылқы мүлдем жоқ болып шыққан.

Уәлиханов ауданындағы үш бірдей ауыл тұрғындарынан содан бері маза кеткен. Табандары тозып, іздеп бармаған жерлері жоқ. Алды 30 басқа дейін жоғалтқан мал иелері, тігерге тұяқ қалмады деп отыр.

Ильшат Ахметов, Ақтүйесай ауылының тұрғыны:

-1 адам қайтып, соятын жылқы қалмапты. Не Жұмагелдінікі жоқ, не Мұраттікі, не Абай ағамыздікі жоқ. Тек полиция бастығының орынбасарынікін  тауып алады. Неге солай?

Бұндай жоқшылар көрші отырған үш ауылда да бар. Үйір үйір жылқыны жер жұтпайтынын айтқан мал иелері, кінәні жылқышыға артып отыр. Себебі, ол жылқы жоғалғанын дер кезінде айтпапты. Ал жылқышының әйелі, үй үйді аралап күні бүгінге дейін жұрттан жоқ малдың ақысын жинап келген.

-Соңғы кезге дейін ақша алып отырдың. Үйде қағаз бізде де бар жазылған.Сонда хабарлап халыққа неге айтпадың?

-Айтты ғой кім кімдікі жоқ екенін.

-Айтқан жоқ.Өтірік айтпа!

Ал жылқышы Ермек Қожақпаровты тек 4 күн бұрын полиция қамауға алған. Өйткені, тәртіп сақшылары бұған дейін өз жылқысын іздеумен әуре болды дейді тұрғындар.

Марат Әлжанов, Уәлиханов аудандық ІІБ бастығы:

-Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция өзінікін түгендеп жатыр деулері бекер.Олар да малынан айырылып отыр. Тергеу амалдары жүргендіктен күдіктіні енді ғана қамауға алдық.

Аудан полициясы мен прокурорлары малдарыңа белгі қойып, төлқұжат жасамадыңдар деп тұрғындардың өздерін кінәлаған. Тәртіп сақшыларынан пайда болмасын түсінген 50 адам көмек сұрап Ішкі істер министріне де хат жолдапты. Ресейден 120 шақырым жердегі ауыл тұрғындары ақ-адал малымызды әлдекімдер Ресей асырды ма деп күдіктенеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.