{metadescription}
Жанжал: Павлодарда төбелестің соңы адам өлімімен аяқталды
Жанжал: Павлодарда төбелестің соңы адам өлімімен аяқталды

Жанжал: Павлодарда төбелестің соңы адам өлімімен аяқталды

Павлодарда дәмхананың кіре берісінде сөзге келген жігіттердің төбелесі кісі өлімімен аяқталды. Тағы 3 адам ауруханаға түскен.

Оқиға таңғы бестер шамасында шаһар дәмханаларының бірінде болған. Кіре берісте иық тірескен ер адамдардың керісі ақыры қып-қызыл төбелеске ұласыпты. Далада жаға жыртысқан олардың бірі сол жерде пышақталып көз жұмса, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілген. Қазір осы төбелеске қатысты 25 және 26 жастағы екі азамат қамауда отыр. Олардың бірі темір тордан жуырда босап шыққан екен.

Баян Мағзұмова, Павлодар облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

-Жәбірленуші жолдасымен кафеден шығып келе жатқан. Ал екі күдікті кафенің ішіне кіріп келе жатқан. Сол кезде есіктің жанында иықтарымен соғысады. Сол соғысқаннның нәтижесінде жанжал шығып, жанжалдың нәтижесі кісі өліміне келтірді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде