{metadescription}
Жазғы демалыс: Ыстықкөлдегі қазақ пансионаттары қаңғыбас иттердің мекеніне айналған
Жазғы демалыс: Ыстықкөлдегі қазақ пансионаттары қаңғыбас иттердің мекеніне айналған

Жазғы демалыс: Ыстықкөлдегі қазақ пансионаттары қаңғыбас иттердің мекеніне айналған

Демалуға барып, діңкеңіз құрып қайтпасын! Өйткені, Ыстықкөлдегі пансионаттардың үштен бірі биыл шомылу маусымына дайын емес. Қырғыз билігі талапқа сай келмейтіндердің барлығын жабамыз деп білек сыбанып отыр. Ал қара тізімді бастап тұрған қазақстандық пансионаттар. Сәтбаев және әл-Фараби атындағы ұлттық университеттеріне тиесілі демалыс орындары құлайын деп әрең тұр.

Үйлерінің есік-терезесі қирап, қалың шөптің арасында құлазып тұрған бұл жер Қазақ ұлттық техникалық университетіне тиесілі «Самал» пансионаты. Жыл сайын студеттер мен ұстаздар келіп демалатын орын деуге ауыз бармайды. Қазір иесіз иттердің мекеніне айналған. Мұнда демалу былай тұрсын, түнеп шығудың өзіне үлкен тәуекелге бару керек. Қауіпсіз дегенді мүлдем ұмытқан мекеменің басшыларына қырғыз инспекторлары ескерту жасаудан шаршаған.

Ұрмат Бектұрғанов, Қырғыстанның эколгиялық және техникалық қауіпсіздікті қадағалау инспекциясының маманы:

-Биыл Самалға тексеру де жүргізген жоқпыз. Былтыр ескерту жасағанда қалыпқа келтіреміз деп ант су ішкен. Көріп тұрсыздар дым өзгеріс жоқ.  Тағы ұялмай осында адам кіргізуге рұқсат сұрап отыр.

Ыстықкөлде осындай қазақстандық 4 пансионат бар. Кеңес кезінде салынған үйлердің бүгінде шатыры да ауыспаған. Жағдай осылай жалғаса берсе бұл жерлер де айырылып қалуымыз мүмкін.   

Талантбек Борочоров, Қырғызстанның экологиялық және техникалық қауіпсіздікті қадағалау инспекциясының басшысы:

-2016 жылы біз 12 пансионатты жаптық. Талапқа бағынбағандарға 200 мың сомға дейін айыппұл саламыз. Бұл бір миллион теңге көлемінде. Егер оған да бағынбаса жерін тартып алуға дейін шаралар қолданамыз.

Ыстықкөлде тоқырау кезеңін басынан өткізіп жатқан тек қазақстандық пансионаттар емес. Бұндағы 165 демалыс орнының үштен бірі талапқа сай болмай тұр. Сондықтан туристердің басым бөлігі пансионатқа емес, көл жағасында тұратын адамдардың үйлеріне тоқтауға мәжбүр.

Вера Андреева, Шолпан-Ата қаласының тұрғыны:

-Төрт адамға араналған бөлме, бағасы 400 сом. Екі мың теңге Адам басына. Бізге көбіне Алматы Қарағандыдан келеді.

Ыстықкөлде заман талабына сай салынған демалыс орындары да жоқ емес. Тек олардың бағасы қымбат. Кемі 50 ден 500 долларға дейін. Бұл жерге де келіп демалатындардың басым бөлігі қазақтар мен ресейліктер екен.

Ыстықкөлдің суына түсіп, құмына жатып қыздырыну үшін биыл бұл жерге 300 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде. Пансионаттарының жартысынан астамының адам қабылдауға жарамайтынына қарамастан қырғыз билігі келушілердің көңілін қалдырмаймыз, бәріне орын тауып береміз деп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде