Мәселе: Алматыда автобус апатынан жапа шеккендерге көмек көрсетілмей жатыр
Алматыда автобустың қатысуымен болған ірі жол апатынан зардап шеккендер өтемақысыз қалуы мүмкін. Өйткені бүлінген көліктерді кімнің қалпына келтіріп беретіні әлі күнге белгісіз.
Автор: Диас Нұрақын
12.06.2017
Тіпті барлығына көмек көрсетеміз деген автопарк басшылығы да әзірге үнсіз. Ал бір ажалдан аман қалған азаматтар дәрігерлерге ақылы түрде қаралуға мәжбүр. Себебі жол апатынан кейін ауруханаға түскен 5 науқас кейін үйлеріне жіберілген болатын. Бірақ кейбірінің денсаулығы бүгін қайта сыр бере бастапты. Еске салсақ, жантүршігерлік жол апаты кеше Алтынсарин көшесінің бойында болған. 124-ші бағыттағы автобустың аяқасты тежегіші істен шығып, жеті көлікті жапырып өткен. Апаттан бес адам зардап шекті.
Дмитрий Омаров, жәбірленуші:
-Апат кезінде көлікте анам, әжем және қызым болған. Шешем әлі де аурухана жағалап жүр. Дәрігерлер бір-біріне сілтейді. Кейбірінде ұзын-сонар кезек. Сондықтан ақылы түрде ем қабылдауға мәжбүрміз. Ал кішкентай қызымның басы жарылған. Түнімен ұйықтамай шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!