Қарсылық: Сағынтаев полицейлерге алатаяғын қайтарып беруден бас тартты
Бұған дейін депутаттар таяқты иелеріне қайтаруды сұрап хат жазған болатын. Алайда премьер-министр бұл ұсынысты орындаудан үзілді-кесілді бас тартты.
Автор: Жәудір Оразхан
12.06.2017
Сағынтаевтың айтуынша, қазір Ішкі істер министрлігі адамдар арасында түсіндіру жұмыстарын бастап кеткен. Сондай-ақ, сақшылар жол ережесі мен тәртібін қолмен ымдау әдісін меңгеру үшін арнайы сабақтардан өтуде. Оның үстіне, полицейлерге жарық түскенде түрлі түсті болып жанатын қызметтік кеудешелер мен қолғаптар дайындалып жатыр. Сондықтан, ала таяқты қайтатудың қажеті жоқ дейді премьер. Қараңғы кезде жұрт жол сақшыларын түсінбей жатыр деп бұған дейін депутаттар шулаған болатын. Бірақ премьер Ішкі Істер министрлігінің реформасын қолдап шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!