{metadescription}
Талантты іздеу: Димаш Құдайбергеннің қытайлық табынушылары әншінің туған жерін аралауға келмек
Талантты іздеу: Димаш Құдайбергеннің қытайлық табынушылары әншінің туған жерін аралауға келмек

Талантты іздеу: Димаш Құдайбергеннің қытайлық табынушылары әншінің туған жерін аралауға келмек

Ақтөбелік шенеуніктер Димаштың концертіне келетін қытайлық жанкүйерлер арқылы туризмді дамытып қарық боламыз деп отыр. Өйткені, әншінің шығармашылық кешін көруге аспан асты елінен келетіндер, Астанадан кері қайтқылары келмейді. Димаш туып өскен аймақты көруге құмар қытайлар көп екен.

Шенеуніктер Ақтөбені көруге кем дегенде екі мыңға жуық шетелдік келеді деп жоспарлап отыр. Тіпті оларды Астанадан жеткізуге арнайы көлік қарастырып қойыпты. Бірақ туристер үшін саяхат құны қанша тұратыны әлі нақтыланбаған. Сондай-ақ, келген қонақтарды қайда апаратындарын білмей бас қатырып жатыр. Әйтеуір, алдымен Димаштың ата-анасы тұратын үйді көрсететіндері белгілі. Бірақ Айтбаевтар отбасынан күн сайын мейман қабылдауға мұршалары жете ме деп ешкім әзірге сұрамаған. Дегенмен, әнші оқыған музыкалық колледж бен облыстық филармония жазғы демалысқа шықпастан туристер үшін жұмыс істеуге әзір. Айта кетелік, Димаштың Астанадағы концерті ЭКСПО көрмесі аясында 27 маусым күні өтеді.

Аманжол Исмағұлов, А. Жұбанов атындағы музыкалық колледж директоры: 

-Осы жердегі концерттік залы талай сахнаға шығып үйренген жері. Сондықтан да келген қонақтарға біз өте қуаныштымыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде