Шектен шықты: Джипке мініп елді шулатқан шалқарлық түлектер сынның астында қалды
Ақтөбе облысында түлектер мінген кортеж тәртіп сақшылары мен шенеуніктерге кесір болды. Шалқар қаласының қақ ортасынан жүріп өткен қымбат көліктерге қатысты әлеуметтік желіде дау болып жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
13.06.2017
Тұрғындар мұны тойы болып жатқан жас жұбайларға тиесілі деп ойлаған. Ал кортежге тәртіп сақшыларының жол көрсетіп жүргені тіпті ашуларына тиіпті. Сөйтсе, оқуды озат бітірген түлектерге шалқарлық шенеуніктер осылай құрмет көрсетпек болған екен. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін тәртіп сақшыларын да ерте шыққан. Енді аудандық білім саласына жауапты басшылар арты мұндай дауға айналарын білгенде сол қымбат көліктерге түлектерді жолатпас едік деп өкініп отыр.
Амангелді Қонақбаев, Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы:
-Биылғы жылы «Алтын белгі» белгісіне ие болып отырған оқушыларымыз. Үздік оқушыларымыз. Бұл қаладағы 4-5 мектептің ата-аналары ерекше қызмет жасайық деп жылда ұсыныс тастайды. Биыл мынандай форматта өткізгіміз келген. Арты дау болады деп ойлаған жоқпыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!