{metadescription}
 Қырымды Ресейге қосып қойған астаналық суретшілер кешірім сұрады
 Қырымды Ресейге қосып қойған астаналық суретшілер кешірім сұрады

Қырымды Ресейге қосып қойған астаналық суретшілер кешірім сұрады

Суретшілер үшін дипломаттарға ақталуға тура келді. Елордада орнатылған Ресейдің қартасына Қырымды қосып қойған отандық қылқалам шеберлерінің әрекетіне қатысты бүгін еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.

Ал дау тудырған туындыны суретшілер қайтадан бояп үлгеріпті. Ресей картасының орнына қызыл алаңды салса, Украинаға тиесілі шарды ту түстес бояумен жағып тастаған. Астанадағы «Нұржол» бульварына ЭКСПО-ға қатысып жатқан мемлекеттердің шар іспеттес картасын көтерген  адамдардың мүсіні қойылған болатын. Солардың  ішінде Ресейдің территориясы бейнеленген картаға Қырым қосылып кеткен. Мұны көрген Украина елшілігі Қазақстанға наразылық білдіріп, Сыртқы істер министрлігінің түсініктеме  беруін талап етіпті. Біздің дипломаттар Украинаның шамына тиетіндей сурет салған қылқалам шеберлерін дереу тауып, кешірім сұратқан. Айта кетсек, Украинаның Қырым аймағын Ресей 3 жыл бұрын аннексиялап алған болатын.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

-Біріншіден, бұл оқиғадан саяси астар іздеудің қажеті жоқ. Суретшілердің салғаны, оның түбінде ешқандай саяси ой  болмаған. Олар өз кінәсін мойындады және Украинаның елшілігіне кешірім сұрап, ресми хат жолдады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.