{metadescription}
Ресми сапар: Назарбаев Грузия президентіне тың ұсыныс жасады
Ресми сапар: Назарбаев Грузия президентіне тың ұсыныс жасады

Ресми сапар: Назарбаев Грузия президентіне тың ұсыныс жасады

ЭКСПО-ны көзбен көру үшін бүгін Грузия президенті Астанаға келді. Георгий Маргвелашвили халықарлық көрмедегі өз елінің павильонын ресми түрде ашпас бұрын Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті.

Георгий Маргвелашвили, Грузия президенті:

-Көптен келуді ойлап жүрген едім. Қазақстанның қарқынды дамып жатқанын өз көзіммен көрдім. Таң қалып отырмын. Грузия қазақ халқының ұзақ жылдар бойы көрсеткен қолдауын жоғары бағалайды.  

Ағынан жарылған Маргвелашвили әр сөзінде Қазақстанды мақтаумен болды. Онысы бекер емес сияқты. Өйткені,Астана Тблисиге миллиардттап ақша салып отырған ірі инвесторлардың бірі. Мәселен, қазақ кәсіпкерлері қазір әйгілі Батуми портының қожайыны. Грузия болса, еліміздің батыс өңіріне отандық шараптарын, көкөніс мен жеміс-жидек жеткізіп отыр. Енді мемлекет басшылары екі елдің алыс-берісін, барыс-келісін тоқтатпақ емес. Әсіресе, Батуми портының мүмкіндігін кеңінен пайдалану керек. Бұл ретте Назарбаев «Жібек жолы»  обасыны аясында Грузияны да Қазақстан сынды транзиттік мемлекетке айналдыруға болатынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Мы говорили о важности для Казахстана Батумского терминала и Батумского порта, которыми владеют казахстанские компании, обсудили вопросы, чтобы проблемы, которые есть, решить. Если мы по тарифам между министерствами договоримся, этот путь может стать самым выгодным как для Китая, Казахстана, так и для Грузии, поднимет транзитные возможности нашей страны.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде