Дау: Әлемге әйгілі Цукерберг Шымкент тұрғынын сотқа беруі мүмкін
Әлемге танымал «WhatsApp» мессенджері атауын пайдаланған шымкенттік кәсіпкердің басы пәлеге қалатын түрі бар. Шымкентте «Уатсап» деген дәмхана бар екенін білген Әділет министрлігі, белгілі брендті заңсыз қолданған кәсіпкерге ескерту жасады. Тегін жарнамамен клиент тартып жүрген кәсіпкер миллиондап айыппұл төлеп, тіпті түрмеге жабылуы да мүмкін.
Автор: Бек Әбиев
14.06.2017
Олжас Рамазанов, ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі:
-Әлемге әйгілі тауар белгісін қолданған кәсіпкер әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілік туралы білмеген болар. Бірақ, егерде осы тауар белгісінің заңды иесі осы жағдай туралы хабардар болса онда ол сотқа шағымдануы мүмкін. Және осы жағдайда кәсіпкер үлкен айыппұл төлейді.
Бұл кафенің ашылғанына 11 ай ғана болған. Қабырғаларын уатсаптағы смайликтермен безендіріп, ішіндегі үстелдеріне дейін танымал брендтің суретін іліп қойыпты. Ал, мәзірдің өзінде тіпті «Уатсап» деп аталатын фирмалық салат та бар. Бірақ, кәсіпкер Асқар Мүсірәлиевтің өзі ісін заңсыз деп ойламапты. Жастарды тарту үшін месенджердің қоя салдым деген ол, енді әйгілі компания тарапынан қиындықтар туа ма деп алаңдайды. Тіпті, қысым көрер болса дәмхана атын жедел ауыстырам деп ақталып отыр.
Асқар Мүсірәлиев, дәмхана қожайыны:
-Мен бұны ұрлық деп ойлаған жоқпын. Білмедім. Болмайтын болса атауын өзгертем. Басқа атпен тіркелем.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!